21 қыркүйек 2016 | 13:08

Шетелдік соттардан Қазақстанның пайдасына 9,4 миллиард доллар түсті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости © РИА Новости

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі халықаралық төрелік және шетелдік сот органдарында мемлекеттің мүддесін қамтамасыз үшін 2010 жылы құрған Мамандандырылған департаменттің жұмыс кезеңінде Қазақстан Республикасының пайдасына 6 төрелік талқылау бойынша оң шешім қабылданды, олар бойынша 9,4 миллиард АҚШ доллар құрайтын талап-арыздар қабалданбады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі халықаралық төрелік және шетелдік сот органдарында мемлекеттің мүддесін қамтамасыз үшін 2010 жылы құрған Мамандандырылған департаменттің жұмыс кезеңінде Қазақстан Республикасының пайдасына 6 төрелік талқылау бойынша оң шешім қабылданды, олар бойынша 9,4 миллиард АҚШ доллар құрайтын талап-арыздар қабалданбады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осылайша, 2010 жылы Қазақстан Республикасының пайдасына "Liman Caspian Oil BV" және "NCL Dutch Investment BV" жер қойнауын пайдаланушылар - компанияларының инвестициялық талап-арыздары бойынша 300 миллион АҚШ долларына (Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың төрелік Трибуналы) "World Wide Minerals Ltd." Канада компаниясының 3,7 миллиард АҚШ долларына (Стокгольм қаласы) шешім шығарылған.

2012 жылы Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың төрелік Трибуналы Қазақстан Республикасының пайдасына Қаратөбе компаниясының инвестициялық талап-арызы бойынша 1,2 миллиард АҚШ долларына шешім шығарылды.

2013 жылы Қазақстан Республикасының пайдасына "Руби Роз Агрикол" және Кассем Абдаллах Омар компанияларының талап-арыздары бойынша 215 млн. АҚШ доллары (UNCITRAL) және "KT Asia Investment Group B.V." компаниясының талап-арызы бойынша 3 миллиард АҚШ долларына (UNCITRAL) шешім шығарылды.
Осы жылы Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың төрелік Трибуналы 1 миллиард АҚШ доллары сомасына талапкердің электроэенгетика саласындағы инвестициялық қызметімен байланысты "AES Corporation" компаниясының талап-арыз талаптарынан бас тартты.

Жалпы өндірісте 11 төрелік талқылау бар, ол бойынша талап-арыз талаптарының сомасы шамамен 4 миллиард АҚШ долларын құрайды.

Қазіргі уақытта Департамент қызметкерлерінің штаты шетел тілін меңгерген 12 мамандардан құралған. Қызметкерлердің барлығы "Болашақ" Халықаралық бағдарламасы бойынша АҚШ және Ұлыбританияның рейтингтік ЖОО-ның түлектері.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer