22 қыркүйек 2016 | 10:51

Қарағандылық 18 жастағы бойжеткен Бахрейнде секс-құлдықтан құтқаруын сұрайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қарағандылық 18 жастағы қыз Бахрейнде секс-құлдыққа тап болғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. Айтуынша, ол бұл елге сүйіктісі арқылы жұмыс тауып берем деп уәде берген құрбысымен бірге барған. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандылық 18 жастағы қыз Бахрейнде секс-құлдыққа тап болғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. Айтуынша, ол бұл елге сүйіктісі арқылы жұмыс тауып берем деп уәде берген құрбысымен бірге барған. 

Бойжеткен тілшімізге телефон арқылы құрбысының массаж жасаушы қызметін тауып беруге уәде бергенін, бірақ Бахрейнге ұшып келген соң жағдайдың басқаша болғанын айтып отыр. Қазақстандықтан паспортын алып қойып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. "Танысқанымызға 1,5 жыл болған құрбым Бахрейнге шақырды. Маған билет сатып алып беріп, тіпті пәтер жалдады. Массаж туралы ғана сөз болған, жезөкшелік жайында ештеңе айтпады. Таяуда ғана 18-ге толдым (...) Мен екі ай бұрын Бахрейнге келдім, бір аптадай болатын шығармын деп ойладым, - дейді ол. - Екінші күні жезөкше болып жұмыс істейсің деп, билет пен қонақүйдің құнын өндіріп беруімді талап етті. Клиенттерімнен көмектесуін сұрап, жыладым. Солардың бірі маған 200 динар берді, қалған ақшаны қайдан алатынымды білмеймін. Анам Қарағандыда, жылап жатыр, бұл жақтан кетуіме көмектесіңіздерші", - дейді қыз. Алайда ол аты-жөнін атағысы келмеді. "Бір апта ішінде төрт қонақүй ауыстырдық, бұл жақтан да алып кетуі мүмкін (...)", - дейді ол.

Мұнымен қатар, бойжеткен өзіне үркітіп, қорқыту мәніндегі сөздердің айтылып жатқанын мәлімдеді. Айтуынша, ол сутенерлерге шамамен миллион теңге берешек екен. Бұл қаражатты ол 27-сіне дейін төлеуіс тиіс, олай болмаған жағдайда өлтіріп кетемін деп қорқытады екен.

Қыз әлсіреп қалғанын айтады. Өзімен бірге сексуалдық құлдықта тағы да басқа қазақстандық қыздар бар екен. 18 жастағы бойжеткеннің 2,5 жастағы баласы бар болып шықты. "Мен 15 жасымда тұрмысқа шықтым, босандым. Бірақ күйеуіммен ажырасып кеттік", - деп хабарлады ол.

Қонақүйде түсірілген бұл видеоны қыз редакцияға жолдады.

Tengrinews.kz редакциясы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінен осы оқиғаға байланысты түсінік алды. Баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовтың айтуынша, қазақстандық дипломаттар бұл мәселені шешу үшін жұмысты бастап кетіпті. "Қызға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Қазір осы мәселемен айналысып жатырмыз", - деді ҚР СІМ өкілдері.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer