Шығыс Қазақстан облысында болған жол-көлік оқиғасынан полицей қаза тауып, тағы бес адам зардап шекті. Жол апатының мән-жайы әзірше белгісіз, - деп хабарлайды Tenrginews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысында болған жол-көлік оқиғасынан полицей қаза тауып, тағы бес адам зардап шекті. Жол апатының мән-жайы әзірше белгісіз, - деп хабарлайды Tenrginews.kz тілшісі.
Полиция сержанты ВАЗ 21224 автокөлігін жүргізіп келе жатып, Ұлан ауданы Тарғын ауылының маңында ВАЗ 2106 көлігімен соғысқан. Алған жарақаттарынан полиция сержанты оқиға орнында қаза тапқан. Ал жолаушы ауруханаға жеткізілген.
Айта кетейік, ВАЗ 2106 көлігінде төрт адам болған. Олар бассүйек ми зақымы мен түрлі жарақаттарды алды. ШҚО ІІД өкілдері әзірше жол апатының мән-жайын жайлы хабарламады. Осы дерек бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды. Істің жай-жапсары анықталып жатыр.