26 қыркүйек 2016 | 15:19

БАҚ-тарда есімдері жарияланған қазақстандық жұлдыздардың қайсысы салық есебіне тұрды?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Әли Оқапов © Tengrinews.kz Әли Оқапов © Tengrinews.kz

Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері жүргізілген түсіндіру жұмыстарынан соң БАҚ-тарда есімдері жарияланған салық төлемейтін жұлдыздардың қайсысы құзырлы органдарға тіркеуге тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері жүргізілген түсіндіру жұмыстарынан соң БАҚ-тарда есімдері жарияланған салық төлемейтін жұлдыздардың қайсысы құзырлы органдарға тіркеуге тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шоу-бизнес өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізген соң Айбек Бекжігітұлы Жансеитов (әнші Бүркіт), Дильназ Мұратқызы Ахмадиева мен Әли Тасқынұлы Окапов жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Салық кезеңінің аяқталмауына байланысты бұл азаматтардың салық төлеуі жайлы ақпарат әзірше жоқ", - деп хабарлады Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 2016 жылы бірнеше ай ішінде Бахтияр Мамедов (Jah Khalib)  921 423 теңге, Даут Шайхисламов  749 427 теңге көлемінде салық төлесе, Айқын Төлепберген  407 950 теңге төлеген.

Еске салайық, 2016 жылдың мамыр айында салық төлемейтін қазақстандық жұлдыздардың тізімі жарияланған болатын. "Алматыда жұлдыздардан жеке кәсіпкер ретінде тек екі адам тіркелген екен - әнші Қарынбаева Луиза (Луина) мен Мақпал Исабекова. Дегенмен олар жеке кәсіпкер ретінде салық төлемеген. Қалғандары тіпті Алматыда да, не басқа қалаларда да жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Біз олармен сөйлестік, олар ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтермен келіспейтінін айтып отыр. Олардың айтуынша, ешқандай табыс таппайды. Оны бізбен хабарласқан жұлдыздардың барлығы айтты. Ал Әнші Асхат Тарғынов тойлар мен мерекелік шараларда тегін ән орындайтынын жеткізді", - деген еді Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Еділ Әзімшайық. Ал кейінірек қазақстандық жұлдыздар осы мәселеге қатысты түсінік берді

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer