27 қыркүйек 2016 | 10:38

Сағынтаев Алматы облысында өлтірілген ағайындылардың оқиғасына қатысты пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бақытжан Сағынтаев © Тұрар Қазанғапов Бақытжан Сағынтаев © Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Алматы облысында өлтірілген ағайындылардың ісін өз бақылауына алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Алматы облысында өлтірілген ағайындылардың ісін өз бақылауына алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазіргі уақытта БАҚ-тарда қылмыстар туралы көп айтылып жатыр. Қылмыскерлердің Алматы облысында ұсталғаны белгілі болды, тергеу шаралары жүріп жатыр. Бұл халықты алаңдатып отырғандықтан, бұл жайында бізге мәлімет берсеңіз екен", - деді үкімет басшысы Сағынтаев ішкі істер министріне. 

"20 қыркүйекте бізге үш азаматтың Алматыға мал сатуға кетіп, жоғалып кеткені жайлы хабар келіп түсті. 21 қыркүйекте олардың бір көлігін таптық. Олар екі көлікпен 41 бас ірі қараны Алматы облысындағы базарға сатуға апара жатқан. 23 қыркүйекте екінші көлік табылды", - деді Қалмұханбет Қасымов. 

"Осыдан кейін жергілікті тұрғындардың бұл көліктің жүргізушілеріне көмектескені белгілі болды, сөйтсе олар лай-батпақта тұрып қалыпты, кейін ол жерде кім болғаны белгілі болды. Олар Жамбыл ауданының тұрғындары. Осы тұлғалар арқылы қылмыскерлерді анықтадық, Жамбыл ауданының екі тұрғынын анықтадық, олар мал базарға бара жатып, осы сатушыларға жақындаған. Сөйтіп, олардан барлық малын сатып алуды ұсынған. Оларды алдап, алқапқа алып кетіп, қылмыс жасаған. Мәйіттер мен малды жеткізу барысында олардың көлігі тоқтап қалған, сондықтан олар жергілікті тұрғындардан көмек сұраған. Қазіргі уақытта қылмыскерлер ұсталды, кісі өлтіруге қолданылған қару тәркіленді, қылмыскерлер мәйіттерді қайда көміп кеткенін өз қалауымен көрсетіп берді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Бүгін жерлеу рәсімі өтеді. 36 бас ірі қара тәркіленді. Істі Алматы облыстық ІІД тергеп жатыр. Меніңше, аз уақыттың ішінде істі тергеп, сотқа жолдаймыз", - деді ол. 

"Бақылауға алыңыздар. Қоғамдық қауіпсіздіктің және зорлықпен күрестің біздің негізгі жұмысымыз екенін барлығымыз білеміз. Сондықтан таяу арада осы мәселені үкіметте қараймыз деп ойлаймын", - деді Сағынтаев. 

Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын. 

Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Полицейлер кісі өлтірді деген күдіктілерді ұстапты. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталыпты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer