27 қыркүйек 2016 | 12:22

Қазақстанда бизнеске рұқсат беру рәсімі жеңілдетіледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© rbc.ua © rbc.ua

Қазақстанда бизнеске рұқсат беру рәсімінің шарттары жеңілдетілмек, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда бизнеске рұқсат беру рәсімінің шарттары жеңілдетілмек, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысы барысында Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау үшін мемлекет қабылдаған шаралар туралы баяндады.
 
Ұлттық экономика министрі кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2015 жылы кәсіпкерлік секторында Yellowpagesrules қағидасын қабылдау үшін мемлекеттің қатысуына шектеу жасау бойынша стратегиялық шешім қабылданғанын атап өтті (бәсекелестікті шектейтін мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне түскен тиімді бизнес қорғауды құруға бірқатар шаралар).

Аталған қағиданы жүзеге асыру үшін Үкімет мемлекеттік, квазимемлекеттік секторлар және үлестес тұлғалар іске асыра алатын іс-шаралардың 271 түрін анықтады.

"Экономикада мемлекет қатысуының үлесін азайту үшін өткен жылдың 30 желтоқсанында Үкімет 2016-2020 жылдарға есептелетін жаңа кешенді жекешелендіру жоспарын қабылдады. Жеке секторға мемлекеттік активтерді беру кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға серпін береді", ­­- деп болжаған Қ.Бишімбаев 2014-2016 жылдардағы жекешелендірудің екінші толқыны объектілерінің жаңартылған тізбесі 545 ұйымнан тұратынын айтты.

Сонымен қатар, министр бизнес реттеуді жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмысы туралы айтып берді. Осы жылдың басынан кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу Кәсіпкерлік кодексі арқылы жүзеге асырылады. Мамыр айынан бері өзін-өзі реттеу институты іске қосылды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін осы жылы рұқсат етілген құжаттар саны 50 пайызға дейін қысқартылды. Егер 2014 жылы рұқсат етілген құжаттар 1200-ден астам болса, бүгінде лицензиялар мен рұқсаттардың 315 түрі заңды түрде бекітілді", - деді Бишімбаев.

Министр сондай-ақ, "бір терезе" қағидаты бойынша рұқсат беру рәсімдерін оңайлату үшін қосымша шаралар жыл соңына дейін қабылданатынын айтты. Бұдан бөлек, биыл Парламентте талқыланатын салық салу және салық және кеден әкімшілігін жетілдіру үшін заң жобасы әзірленді. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer