27 қыркүйек 2016 | 15:45

Премьер-министр Мамин мен Тасмағамбетовке тапсырма берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бақытжан Сағынтаев. © Тұрар Қазанғапов Бақытжан Сағынтаев. © Тұрар Қазанғапов

Бақытжан Сағынтаев өзінің орынбасарларына кәсіпкерлікті қолдау мәселесін бақылауға алуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында Қазақстанда бизнесті одан әрі қолдау және оған әкімшілік кедергілерді азайтуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
 
Отырыста мемлекеттің және бизнестің сындарлы жұмысының арқасында әкімшілік кедергілер мен рұқсат беру үдерістері мәселелері енді көтерілмейтіні айтылды. Қазір бірінші кезекке отандық тауар өндірушілерді қолдау, салықтық әкімшілендіру және қаржы көздерінің қолжетімділігі мәселелері шығады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бақытжан Сағынтаев өзінің орынбасарларына кәсіпкерлікті қолдау мәселесін бақылауға алуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында Қазақстанда бизнесті одан әрі қолдау және оған әкімшілік кедергілерді азайтуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
 
Отырыста мемлекеттің және бизнестің сындарлы жұмысының арқасында әкімшілік кедергілер мен рұқсат беру үдерістері мәселелері енді көтерілмейтіні айтылды. Қазір бірінші кезекке отандық тауар өндірушілерді қолдау, салықтық әкімшілендіру және қаржы көздерінің қолжетімділігі мәселелері шығады.

Осыған байланысты премьер-министр бірқатар тапсырмалар берді.

"Салықтар, несиелеу бойынша көптеген сұрақтар бар. Өткен аптада біз "Атамекен" басқармасымен, екінші деңгейлі банктермен кездестік, бәрінде несиелеу бойынша сұрақтар бар, барлығы бізде жұмыс жасап жатқан мемлекеттік бағдарламаларды қолдайды. Мемлекет қосымша ақша бөліп отыр, алайда "Агробизнес-2020" және "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасын қайта қарау міндеті тұр", - деген тапсырма берді премьер-министр өзінің орынбасарлары Асқар Мамин мен Иманғали Тасмағамбетовке.

Премьер-министр несиелеудің қолжетімділігі мәселесіне тоқталды. Ол Үкімет Ұлттық банкпен бірге несие ресурстарының қолжетімділігі мәселесін жақсарту бойынша шаралар әзірленіп жатқанын айтып өтті. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігіне Ұлттық банкпен бірге "Бизнестің жол картасына-2020" өзгерістер енгізу мәселесін пысықтау қажет.

Бұл тапсырмалардың орындалу нәтижесін Сағынтаев 10 күннен кейін тыңдауға ниетті.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer