28 қыркүйек 2016 | 17:31

2016 жылдың соңына дейін Қазақстанда Туризмді дамыту бағдарламасы әзірленеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© palata.kz © palata.kz

2016 жылдың соңына дейін Қазақстанда Туризмді дамыту бағдарламасы әзірленеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

2016 жылдың соңына дейін Қазақстанда Туризмді дамыту бағдарламасы әзірленеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан туризмді дамыту бағдарламасын дайындауға кірісуде, деп мәлімдеді Астанада өткен Қазақстан-Қытай туристік форумы барысында "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.
 
"ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен ведомствоаралық үкіметтік жұмыс тобы құрылды. Оны ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин басқарады. Көп кешікпей туризмді дамыту бағдарламасы бойынша жұмыс жасай бастаймыз. Өзекті мәселелер легін барынша кеңінен қамту керек. Бұл виза мен кеден, көші-қон қызметтері, автомобиль жолдары, жеңілдіктер түрі, мемлекеттік қолдау шаралары", - деп атап өтті Мырзахметов.

Оның айтуынша, палата әзірлеген кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасында басымдықты салалардың бірі туристік болып бекітілді.

"Жылдың басында барлық өңірлік палаталарға әкімдіктермен бірге туризмді дамытудың жол картасын  әзірлеу тапсырылды. Осындай жұмыс Алмтыда жасалды. Бұл жұмысқа мемлекеттік органдарды ғана емес, қонақ үйлер мен шипажайлар, көлік компаниялары, тамақтану орындары сынды жеке бизнес те тікелей тартылғаны жөн", - деді ол.
Ұлттық палата басшысының айтуынша, ҰКП дайындаған кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасында туризм басым салалардың бірі ретінде көрсетілген.

"Жылдың басында барлық өңірлік палаталарға әкімдіктермен бірге туризмді дамытудың жол картасын әзірлеу тапсырмасы бірілді. Мұндай жұмыс Алматы қаласында жасалды. Бұл жұмысқа тек мемлекеттік органдарды ғана тартып қоймай,сонымен қатар туристік бизнестің тұлғаларын жұмылдыру керек", - деп түйіндеді ол.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course down  540.53  course down  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer