28 қыркүйек 2016 | 18:07

Алматыда автобустан шыққан жасөспірімді троллейбус қағып кетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыда автобустан шыққан жасөспірімді троллейбус қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Салдарынан 15 жастағы жасөспірім зардап шекті. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда автобустан шыққан жасөспірімді троллейбус қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Салдарынан 15 жастағы жасөспірім зардап шекті. 

Бұл оқиға жайлы Facebook желісіндегі парақшасында Екатерина Ли есімді қолданушы жазды. Оның мәліметінше, оқиға Абай даңғылындағы "Сайран" метро станциясының маңында болған. "№25 автобустың жүргізушісі аялдмаға келіп, тоқтауға болмайтын жерде тоқтады, осылайша адамдарды түсуге мәжбүрледі. Бірінші болып 15 жастағы жасөспірім шыққан, оны үлкен жылдамдықпен келе жатқан троллейбус қағып кетті, ол аялдамаға жүріп келе жатқан. №25 автобустың жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалды. Бала ауруханада ауыр жағдайда жатыр", - деп жазды қолданушы. 

 

Ал "Green bus company" ЖШС" директоры Бауыржан Құлышев автопаркке троллейбустың ғана тиесілі екенін түсіндірді. Ал автобус жекеменшік болып шықты. Сұхбаттасушының айтуынша, жол-көлік оқиғасы 27 қыркүйекте болған. Оның мәліметінше, №25 бағыттағы автобус жолдың екінші қатарында тұрып, аялдама кешенінің территориясына кірмеген. Жолаушылар шыға бастаған, бірінші болып бала шыға келген. Осы кезде аялдама территориясына троллейбус кірген. Жүргізуші үлгере алмай қалып, тежегішті басты, алайда жасөспірім троллейбустың алдыңғы терезесіне соғылған. 

"Кеше барлығымыз ауруханада болдық. Баланың жағдайы ауыр емес - қанағаттанарлық. Қазір жүргізушілер 50 мың теңге жинап, баланың еміне берді. Жүргізуші шеттетілді, тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер кімнің кінәлі екенін әзірше айтпай отыр. Тергеу жүріп жатыр. Жүргізушіміз кінәлі емес деп айта алмаймын, аялдамаға жақындағанда баяу жүруі керек пе еді, сақ болуы тиіс еді, бірақ ол жолаушыны екінші қатардан атып шығады деп күтпеді", - деді Құлышев.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course down  540.53  course down  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer