29 қыркүйек 2016 | 13:23

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы қайта ұйымдастырылады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ компаниялар тобының қайта ұйымдастырылуы қызметтің инфрақұрылымдық және тасымал түрлерін ажырату арқылы жүзеге асырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ компаниялар тобының қайта ұйымдастырылуы қызметтің инфрақұрылымдық және тасымал түрлерін ажырату арқылы жүзеге асырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Темір жол саласының нысаналы моделін қалыптастыру Қазақстан Республикасының көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарына сәйкес қарастырылған.

"Қазіргі таңда "ҚТЖ - Инфрақұрылым" АҚ бөліп шығару арқылы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қайта ұйымдастыруды көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы дайындалды, жақын арада ол мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жолданатын болады", - деп хабарлады ұлттық компанияда.

Осылайша, нысаналы модель негізінде ұлттық және жеке тасымалдаушылар үшін магистралдық теміржол желісіне қолжетімділікті тең негізде қамтамасыз ететін "ҚТЖ - Инфрақұрылым" АҚ тұлғасы ретінде ұлттық инфрақұрылым операторын құру көзделген. 

Айта кету керек, қызметтің инфрақұрылымдық және тасымал түрлерін бөлу - бұл Еуропалық одақ, Австралия және Латын Америкасы елдерінде табысты іске асқан және либерализация, жеке бастамашылықты және инвестицияларды тарту арқылы қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған теміржол жолдарын реформалаудың әлемдік үрдісі.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course down  540.53  course down  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer