29 қыркүйек 2016 | 13:28

Абақтыда Слекишинаны зорлады деп айыпталған түрме бақылаушысы сотта соңғы сөзін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Наталья Слекишина Наталья Слекишина

Алматыдағы Түрксіб аудандық сотында сотталушыны зорлады деп айыпталған түрме бақылаушысының соңғы сөзі тыңдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Руслан Хәкімов өз кінәсін мойындаған жоқ және сотталушы жыныстық қатынасқа өз еркімен барғанын айтты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Түрксіб аудандық сотында сотталушыны зорлады деп айыпталған түрме бақылаушысының соңғы сөзі тыңдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Руслан Хәкімов өз кінәсін мойындаған жоқ және сотталушы жыныстық қатынасқа өз еркімен барғанын айтты.

Осыған дейін мемлекеттік айыптау Хәкімовке 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған. Сонымен қатар Наталья Слекишинаның қорғаушысы уақытша ұстау изоляторында отырған тағы үш адамды зорлық көрсеткені үшін қылмыстық жауапқа тартуды сұрайды. Слекишинаның адвокаты - Айман Омарованың айтуынша жәбірленуші түрмеде жазасын өтеу мерзімін кейінге шегеруді сұраған, себебі ол ары қарай сол абақтыда қала беретін болса, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлерінен жәбір көруі мүмкіндігін айтқан.

Еске салайық, Алматыда тергеу абақтысының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан әйелді жабылып зорлады деп айыпталған болатын. Бұл оқиғадан жәбірленуші сол Слекишина болып шығады. 32 жастағы Наталья Слекишина 155/18 мекемесінде жатқанда 4 азаматтың жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін айтқан. Ол тіпті сол кезде жүкті болып қалған. Ал қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері тағылған айыппен келіспейтінін айтып отыр. Айта кетейік, кінә тағылып отырған 4 азамат та осы мекемеде ұзақ уақыттан бері қызмет етіп келеді. Бәрінің жасы 35-тен асқан. Бала-шағалары да бар. Натальяны 4 бірдей қызметкер бірнеше рет зорлаған. Кейін арнайы сараптама тағайындалып, баланың әкесі расымен түрме бақылаушысы Руслан Хәкімов екені анықталған болатын. 

"Мемлекеттік айыптаушы жаңа айыптау актісін толтырды, онда сотталушыға мына баптар бойынша жаңа айып тағылды: ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігінің 4-пункті (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану), 120-бабының 2-бөлігінің 2-пункті (өлтіру қатерін төндірумен ұласқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған зорлау әрекеті), 146-бабының 2-бөлігінің 2-пункті (Бірнеше рет азаптау). 21 қазанда мемлекеттік айыптаушы сот процессінде тараптарға жаңа айыптауларды баяндады", - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course down  540.53  course down  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer