30 қыркүйек 2016 | 11:41

Қазақстандық қыз Modern Talking тобының бұрынғы солисіне кітап арнап, музыкантқа оны өзі ұсынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматы тұрғыны Айжан Дүйсенбаева 80-жылдардың танымал әншісі Томас Андерске арнап кітап жазды. Кітабында ол әншінің өлеңдері мен әндері жайлы жазған. Бірнеше күн бұрын Айжан Дүйсенбаева Modern Talking тобының бұрынғы солисіне кітапты жеке ұсыну үшін Германияға кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғыны Айжан Дүйсенбаева 80-жылдардың танымал әншісі Томас Андерске арнап кітап жазды. Кітабында ол әншінің өлеңдері мен әндері жайлы жазған. Бірнеше күн бұрын Айжан Дүйсенбаева Modern Talking тобының бұрынғы солисіне кітапты жеке ұсыну үшін Германияға кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

27 жастағы қыздың айтуынша, ол бұл топтың әндерін сегіз жасынан бастап тыңдаған. Кейінірек 16 жасында қыз шығармашылықпен айналыса бастаған. Сол кезден бастап кітап жаза бастапты. Айжан кітапты тек Андерс жайлы жаза алатынын мойындап отыр. Айта кетейік, қазіргі уақытта кітаптың шамамен 60-70 беті дайын, алайда ол әлі де толықтырылып жатыр екен.

"Томас Андерс пен оның музыкасы мені шабыттандырады. Мен тек ол жайлы жаза аламын. Басқа тақырыптарда мүлде жаза алмайды екенмін. Бұл кітапта фэнтези жанрындағы барлық өлең мен ән жайлы жазылған. Мен кейін де ол жайлы жазғым келеді", - деді Айжан Дүйсенбаева.

Қыздың айтуынша, ол бала кезінен өзі пір тұтатын адамымен кездесуді армандаған. Биыл осы арманын жүзеге асыруды шешті. Ол Андерске жақын Франкфурттан 100 шақырым жерде орналасқан Кобленц қаласына барды. Музыкант жыл сайын сонда тыңдармандарына кештер өткізеді екен. Содан алматылық Айжан Modern Talking тобының бұрынғы солисіне орыс тілінде жазылған жинағын ұсынды.

"Менде кітаптың орыс тілінде жазылған 50 данасы болды. Мен оларды таныстарым мен туыстарыма бердім. Германияға кетудің алдында мен кітапқа жаңа шығармаларымды қостым, бірақ оларды ағылшын тіліне аударып үлгермедім. Сондықтан оған орыс тіліндегі нұсқасын беруге тура келді. Келесі жылы мен тағы да осында келіп, оған ағылшын тілінде жазылған нұсқаны тағы да толықтырып ұсынуды жоспарлап отырмын. Ал кеште мен онымен неміс тілінде сөйлестім. Ол осы жинақты оқу үшін орыс тілін үйрену керек болатынын айтты", - деді ол.

Сонымен қатар, Дүйсенбаева Томас Андерстің кешінде Ресейден келген қызды кездестіргенін айтты. Алматылық Айжан кеш барысында басқа да тыңдармандармен танысып, әншінің өзімен де әңгімелескен. 


Айжан Том Андерстің тобындағы музыкантпен бірге.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.14  course up  545.85  course up  5.03  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer