30 қыркүйек 2016 | 17:14

Тұмауды емдеуге мемлекет қанша қаражат жұмсайды?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет Тұрар Қазанғапов © Сурет Тұрар Қазанғапов ©

Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қазақстандықтарды тұмауға қарсы екпе алуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қазақстандықтарды тұмауға қарсы екпе алуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тұмауға шалдығудың экономикалық тұрғыдан шығыны көп. Тұмаудың стационарлық жағдайдағы еміне мемлекет 80 мың теңге жұмсайды. Амбулатор жағдайында емделуге 20 мыңдай жұмсайды. Ақылы екпе жасау пунктерінде "Гриппол +" дәрісінің құны 2 мың 400 теңге. Қазақстанға "Инфлювак" жеткізілді, оның құны 3,5 мың теңгеден төрт мыңға дейін барады", - дейді Қазақстанның бас дәрігері.

Жандарбек Бекшиннің мәлімдеуінше, Қазақстанда 3 қазанда тұмауға қарсы жалпылай егу басталады. 

"Біздің міндет тұмауға шалдығудың ауыр күйлері мен өлімге әкелу жағдайларына жол бермеу. Өткір респираторлы жұқпалы аурулар тобының 300-ден астам штаммы бар", - деп мәлімдеді ол.

Оның айтуынша, қауіп тобына жататын өкпенің созылмалы ауруы, жүрек-қан тамырлары аурулары, иммун жетіспеушілігі бар, әлсіреген және жиі ауыратын балалар, медецина қызметкерлері мен жүкті әйелдер тегін екпе жасата алады. 

Ақылы түрде жеке медециналық кабинеттерде салдыруға болады. Екпенің құны өндірушіге байланысты 2,5 мыңнан төрт мыңға дейін барады екен.

Ресми мәліметтер бойынша, Қазақстанда тұмауға қарсы екпеге миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген. 1,3 миллион адам оны тегін алады. 

Тұмау мен Өткір респираторлы жұқпалы аурулардың өршуі қаңтардың соңы мен ақпанның басына келеді. Жандарбек Бекшин бұл кезеңде бетперде тағып жүруді және адамдар көптеп жиналатын орындарда жиі болмау керектігін, сонымен бірге халықтық емді де естен шығармау керектігін еске салды. 

"Ол табиғи фитоциндер - сарымсақ, пияз. Сонымен бірге дәрумендер қабылдау керек: жеміс, көкөніс, лимон, грейпфруттер, анар, итмұрын қайнатпасы және С дәруменіне бай ашытылған орамжапырақ. Мұның бәрі ауруға жол бермейді", - деп түсіндірді Қазақстанның  бас санитарлық дәрігері.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.14  course up  545.85  course up  5.03  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer