03 қазан 2016 | 17:23

ҚР Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесі 12,5 пайызға төмендеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© forbes.kz © forbes.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/-1 пайыз дәлізімен 12,5 пайыз деңгейіне дейін төмендету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы реттеушісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/-1 пайыз дәлізімен 12,5 пайыз деңгейіне дейін төмендету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы реттеушісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Базалық мөлшерлеменің төмендеуі сыртқы нарықтың негізгі сегменттеріндегі оң cерпінмен, сондай-ақ ішкі қаржы нарығындағы ахуалдың тұрақты болуымен байланысты. Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі жылдық инфляцияның нысаналы дәлізге жақындау қарқыны одан әрі расталып, валюталық құралдарды теңгемен құралдарға ауыстыру үрдісінің орнықтылығы сақталған жағдайда базалық мөлшерлемені төмендетуді жалғастырады. Базалық мөлшерлеме бойынша шешім мынадай факторлар ескеріле отырып қабылданды. 2016 жылғы 9 айда инфляция 5,6 пайызды, жылдық көрсеткіш бойынша 16,6 пайызды құрады. Ағымдағы жылғы қазан-қарашада жылдық инфляция күрт баяулайды деп күтіледі. Осыған байланысты Ұлттық Банк жылдық инфляция 2016 жылдың қорытындысы бойынша жоғарғы шекке жақындайды, ал 2017 жылы жағымсыз күйзелістер болмаған жағдайда сенімді түрде нысаналы дәліз шегінде (6-8 пайызды) болады деп күтеді", - делінген хабарламада. 

Халықтың инфляциялық күтулері төмендеу үрдісін жалғастырды, оны халықтың арасында жүргізілген кезекті пікіртерім көрсетіп отыр. Нәтижелерге сәйкес бағаның қатты өсетінін күтетін пікіртерімге қатысушылар үлесі азаюда. Шілде-тамыздағы мұнайдың әлемдік бағасының серпінінен болған инфляциялық және девальвациялық тәуекелдер қыркүйекте айтарлықтай төмендеді. 

Нарыққа қатысушылардың девальвациялық күтулері төмендеуде, бұл валюталық тәуекелдерді хеджирлеу үшін пайдаланылатын жеткізілімсіз форвардтық келісімшарттар бойынша мөлшерлемелердің тұрақты төмендеуімен расталып отырады. Мөлшерлемелердің төмендеуі қысқамерзімді кезеңге және сол сияқты бір жыл аясына тән.
2016 жылғы тамызда экономиканың базалық салаларын дамыту үрдісін сипаттайтын қысқамерзімді экономикалық индикатор жылдық көрсеткіш бойынша 0,2 пайызға өсті. Макроэкономикалық көрсеткіштер экономиканың сыртқы талаптардың өзгерістері мен айырбастау бағамының құбылмалылығына біртіндеп бейімделуін растайды.

Қаржы нарығындағы ахуал тұрақты болып отыр. Ұлттық Банктің операциялары базалық мөлшерлеменің пайыздық дәлізі ішіндегі нарықтық пайыздық мөлшерлемелерді ұстап тұр. Пайыздық мөлшерлемелердің мерзімдік құрылымын (кірістілік қисығы) қалыптастыру процесі жалғасуда.

Байқалып отырған оң үрдістерге қарамастан базалық мөлшерлеменің сараланған тәсілін талап ететін тәуекелдер сақталуда. Ұлттық Банктің базалық мөлшерлеме бойынша мәселені одан әрі шешуі нақты және болжамдық инфляцияның траекториясына, сондай-ақ халықтың және нарықтың валютаға басымдық беруіне қатысты болады. Инфляциялық процестердің бәсеңдеуі мен жылдық инфляцияның орнықты төмендеу үрдісін растау және теңгедегі депозиттердің тұрақты өсуі кезінде базалық мөлшерлеменің ағымдағы жылдың соңына дейін төмендейтіні жоққа шығарылмайды. Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2016 жылғы 14 қарашада Астана уақыты бойынша 17.00-де жарияланды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer