04 қазан 2016 | 08:33

Ағайындыларды өлтіргенін мойындаған екі күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар ма?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© qamshy.kz © qamshy.kz

Полициядағылар Алматы облысында мал сатуға шыққан үш ағайындыны жауыздықпен өлтірді делінген күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғын айтып берді. Мұның алдында жергілікті тұрғындар Ұзынағаштағы мал базарында қарақшылар тобы жүр дегенді айтқан болатын. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Полициядағылар Алматы облысында мал сатуға шыққан үш ағайындыны жауыздықпен өлтірді делінген күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғын айтып берді. Мұның алдында жергілікті тұрғындар Ұзынағаштағы мал базарында қарақшылар тобы жүр дегенді айтқан болатын. 

Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің басшысының орынбасары Бақыт Омарбаев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қазіргі уақытта қамауға алынған екі ер адамның басқа құқықбұзушылықтарға қатысының бар-жоғы туралы мәлімет жоқ. "Адамдар олар екеу емес, бірнеше адам болды дегенді айтып отыр. Олардың басқа қылмыстарға қатысы бар деген әңгімелер, яғни мал базарында жүр дегендері туралы біз қандай да бір мәліметтер хабарсызбыз", - деді Омарбаев. Полицейлердің мәліметінше, қамауға алынған екеу қылмысты мойындап отыр. 

"Екеуі де ұсталды, екеуі де қылмысын мойындап отыр. Заттай айғақтар - мал, қару-жарақ тәркіленді. Оқиға орнынан гильзалар табылды", - деді Бақыт Омарбаев.

Осыған дейін БАҚ-тар қаза болғандардың аты-жөндерін жариялап (Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарлыханұлы мен Қадылбек Әлімханұлы), олардың артында сегіз баланың қалғанын жазған еді.  

Ал Көксу ауданы әкімінің орынбасары "Ауыл тарапынан қандай көмек қажет болса, біз соның бәрін атқарып жатырмыз", - деген еді. Ал кейін шенеуніктер Алматы облысында қаза тапқан ағайындылардың балаларына көмек беруге уәде берді. Қазіргі уақытта әкімдікте қаза тапқан азаматтардың отбасына материалдықкөмек көрсету туралы мәселе қарастырылып жатыр. Қайтыс болған азаматтардың бірінің өзінің тұрған жері Айнабұлақ станциясының аумағында жерленетіні белгілі. Ал қалған екеуі Алматы облысы Мұқыры ауылында жерленеді. Қазір олардың денесі мәйітханадан жерлеу рәсімі өтетін жерге жеткізіліп жатыр.

Ал КТК телеарнасның мәліметінше, ірі қараға қызыққандар апталдай үш азаматтың аяқ-қолын байлап, айдалада атып кетіпті. Ал денелерін ескі қораның ішіне мал тезегімен көміп тастаған. Марқұмдардың ағасы Еркін Бейсеке қаскөйлердің атын атаған. "Әрқайсысын жеке -жеке, екеуінің басынан атқан, біреуін кеуде бөлігіне атқан. Күдіктілер ұсталды. Біреуінің аты - Талғат, екіншісінің аты - Оңалбаев Мұрат деген жігіт. Таудың ішіне апарған. Сол жақта шлагбаум бар екен. Сол шлагбаумда тоқтап, бірінші Мұқиятты өлтірген, одан кейін Жарқынды өлтірген, одан кейін Қаділбекті де байлап, сол байлаған күйінде атқан", - деп айтып берді ол қанды оқиғаның мән-жайын.

Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын. 

Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Полицейлер кісі өлтірді деген күдіктілерді ұстапты. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталыпты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.47  course up  545.71  course up  4.93  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer