04 қазан 2016 | 08:59

Астанада жер алған 1084 адам оны пайдаланбаған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© kz.otyrar.kz © kz.otyrar.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласы әкімі Әсет Исекешев қалалық қызметтердің игерілмеген жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын болдырмау және құрылыс алаңдарындағы қоқысты уақытылы шығару мәселелері жөніндегі іс-қимылдар жоспарын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласы әкімі Әсет Исекешев қалалық қызметтердің игерілмеген жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын болдырмау және құрылыс алаңдарындағы қоқысты уақытылы шығару мәселелері жөніндегі іс-қимылдар жоспарын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

Бекітілген іс-шаралар аясында елорда әкімдігінде Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның төрағалығымен отырыс өтті, оған игерілмейтін жер учаскесінің 400 жуық иесі қатысты.

Елорда басшысының бірінші орынбасары Сергей Хорошунның айтуынша, ескерту жасалғаннан кейін бір жылдың ішінде игерілмеген жер учаскелері бойынша сотқа мәжбүрлі түрде алу бойынша талап-арыз ұсынылады.

2012-2016 жж елорда әкімдігі прокуратура органдарымен бірге қала аумағындағы игерілмейтін жалпы ауданы 16 мың га 1084 жер учаскесі анықталды. Соның ішінде қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы ауданы 6 мың га 265 игерілмейтін жер учаскесі (соның ішінде: жалпы ауданы 5,2 мың га 88 ауыл шаруашылық мақсаттағы жер учаскесі, ауданы 0,8 мың га 177 коммерциялық нысан) мемлекетке қайтарылды.

Бұған дейін пайдаланылмай келген ауданы 4,4 га жер учаскесі (соның ішінде: ауданы 4 мың га ауыл шаруашылық мақсаттағы 54 жер учаскесі, ауданы 0,4 мың га 286 коммерциялық нысан) игеріле бастады.

Сондай-ақ, ауданы 5,6 мың га 479 жер учаскесі бойынша пайдаланылмайтын жер учаскелерін қайтаруды қамтамасыз ету бойынша Жол картасы әзірленді. Құжат аясында барлық пайдаланылматын жерлердің иелеріне бір жылдың ішінде жерді мақсатты пайдалану қажеттілігі туралы ұйғарым берілді.

Сонымен қатар, құрылыс алаңдарындағы қоқысты уақытылы шығару және рұқсат етілмеген қоқыс орындарын болдырмау бойынша мәселелер әкімдіктің ерекше бақылауына алынды. Салушылар мен игерілмеген жер учаскелерінің иелеріне екі аптаның ішінде аумақтағы қоқысты арнайы қалалық полигонға шығару туралы ескерту жасалды.

Айта кетейік, ҚР Жер кодексінің 94-б. Нормасының талаптарына сәйкес, игерілмейтін жер учаскелері сот шешімімен алынады және сот орындаушыларымен саудаға (аукционға) шығарылады. Қазіргі таңда ауданы 69,3 га 33 жер учаскесін мәжбүрлі түрде мемлекет меншігіне қайтару туралы шағым қанағаттандырылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауға алынды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.47  course up  545.71  course up  4.93  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer