05 қазан 2016 | 17:15

"Нұрлы жол" арқылы ТҮҚЖБ-ден қалай пәтер алуға болады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© kazpravda.kz © kazpravda.kz

Kn.kz сарапатама қызметі "Нұрлы жол" бағдарламасы арқылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен пәтерді қалай алуға болатынын түсіндіріп берді. Аталған бағдарламамен тұрғын үйді тек банк салымшыларының ғана сатып алу мүмкіндігі бар. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Kn.kz сарапатама қызметі "Нұрлы жол" бағдарламасы арқылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен пәтерді қалай алуға болатынын түсіндіріп берді. Аталған бағдарламамен тұрғын үйді тек банк салымшыларының ғана сатып алу мүмкіндігі бар. 

Мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар үшін шарттар жеңілірек - банкте пәтер құнының 30 пайызын жинаса болғаны. Пайыздық мөлшерлемесі 7,5-тен 5 пайызға төмендетілген. Сонымен қатар, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жаңа салымшыларға арналған акцияны жалғасырып жатыр - шот ашуға 50 пайыз жеңілдік. 

ТҮҚЖБ агенттерінің ақпаратынша, бір бөлмелі пәтерге тұрғын үй жинақтары туралы келісім жасау үшін 22 мың теңгенің орнына шот ашуға 11 мың теңге комиссия төлеу керек, екі бөлмеге 33 мың теңге орнына - 16 мың 500 теңге, ал үш бөлмелі пәтерге 44 мың теңге орнына 22 мың теңге төленеді. Акцияға қатысып, есепшотты кезексіз ашу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі филиалдары мен агенттері арқылы тегін тіркелу қажет. 

Еске салайық, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алу үшін кезекке тұрғандар және тұрғындардың өзге де санатының барлығы келесідей талаптарға сай болуы керек:

1. Қазақстан Республикасының азаматтығының немесе оралман статусының болуы.

2. Астана мен Алматы қалаларында соңғы екі жылда тіркелген болуы шарт, егер қатысушы осы қалалардан баспана алуға ұмітті болса. 

Қатысушыда да, онымен бірге тұрақты тұрып жатқан отбасы мүшелерінде де (ерлі-зайыптылар, кәмелетке толмаған балалар), сондай-ақ, өтініште көрсетілген отбасы құрамына енген отбасының өзге де мүшелерінде, Қазақстан аумағында меншіктік құқында немесе сатып алу құқымен жалға берілген баспана болмауы керек. Бұл топқа мыналар кірмейді:

- отбасының әр мүшесіне шаққанда 15 квадрат метрден кем пайдалы аумағы бар жатақханадағы бөлмелер;

- құлағалы тұрған, апатты жағдайдағы самандық немесе қаңқалы-қамыстық типтегі тұрғын үй. Аталған фактіні ол баспананың орналасқан жері бойынша ЖАО-ның (жергілікті атқарушы органның) сәйкес анықтамасы арқылы растау қажет.

4. Елдің барлық аумағы бойынша соңғы бес жылда қатысушының өзі мен отбасының өзге мүшелерінде меншіктік құқықтағы баспаналық жағдайын ауыстыру немесе иеліктен шығару арқылы әдейі нашарлату фактілерінің болмауы.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer