06 қазан 2016 | 08:46

Жаңаөзенде ереуілге шыққандардың барлық талабы орындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Жаңаөзенде бұрғылау компаниясының жұмысшылары Маңғыстау облысының әкімімен кездескеннен кейін ереуілді тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жаңаөзенде бұрғылау компаниясының жұмысшылары Маңғыстау облысының әкімімен кездескеннен кейін ереуілді тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

5 қазанда Жаңаөзендегі ереуілшілермен кездесуге Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, облыстық прокуратураның өкілдері, сонымен қатар "Бұрғылау" ЖШС басшылығы келді. Кездесу барысында жұмысшылардың талабының барлық пункті бойынша келісімге келуге қол жеткізілді. 

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев "Бұрғылау" ЖШС-ның жыл соңына дейін қосымша жұмыс көлемін алатынын хабарлады. Кәсіпорынға бұрғылауға тағы 36 ұңғымаға тапсырыс беріліпті. "Бірыңғай еңбекақы төлемі - бұл "ҚазМұнайГаз" АҚ-ның ішкі құжаты, "Бұрғылау" ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік болғандықтан, олар бұл жүйеге қосыла алмайды, алайда компанияның басшылығы еңбекақы төлеудің өз жүйесін құрастыратын болды, бұл жүйе ЕТБЖ-ға ұқсас болады. Сонымен қатар, "ҚазМұнайГаз" АҚ мен "Бұрғылау" ЖШС арасындағы қызмет көрсету тарифтері талқыланып жатыр", - деді облыс әкімі. 

Ереуілге шыққандардың тағы бір негізгі талабы орындалды. Сәкен Бегалиев компанияның кәсіподақ төрағасы болады. "Бұрғылау" ЖШС аппеляциялық тәртіпте кәсіподақ төрағасының соттылығын жоюға келісім берді. Бұл мәселе облыс әкімі мен облыс прокуратурасының бақылауында. 

Келісімге келу тек ұзақ уақытқа жалғасқан келіссөздер арқылы мүмкін болды. (14.00-ден 21.00-ге дейін). Осыдан кейін облыс әкімі Алик Айдарбаев пен кәсіподақ төрағасы Сәкен Бегалиев жұмысшыларға шығып, барлық мәселе бойынша толықтай келісімге қол жеткізілгенін хабарлады. Бұдан кейін жұмысшылар ереуілді тоқтатып, үйлеріне тарады. "Облыс әкімі мен компания басшылығы арасында конструктив диалог болды. Біздің талаптар қанағаттандырылды, сондықтан ертең кәсіпорын жұмысшылары ертеңнен бастап жұмысқа шығады", - деді кәсіподақ төрағасы. 


© Tengrinews.kz

Еске салайық, Жаңаөзенде бұрғылау компаниясының жұмысшылары алты күн бойы ереуілге шыққан еді. Ереуіл 30 қыркүйекте басталған. Оған "Бұрғылау" ЖШС-ның 2000-ға таяу жұмысшысы қатысты. Айта кетейік, бұл кәсіпорын "ӨзенМұнайГаз" АҚ-ның мердігер ұйымы. Ереуілге шыққандардың айтуынша, жұмысқа шықпай қоюларының себебі - төмен жалақы және кәсіподақ ұйымының төрағасын қудалау. Қазіргі уақытта ереуілшілердің алып отырған жалақысының көлемі 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейін екен. 

"Бізде бірыңғай еңбекақы жүйесі енгізді, одан біздің тариф мөлшерлемелеріміз түсіп кетті. Қазір біз оны көтеруді сұрап отырмыз. Сонымен қатар, екі ай бұрын біз кәсіподақ ұйымымыздың төрағасы етіп Сәкен Бегалиевті сайлаған едік. Ереже бойынша жиналып, дауыс беру арқылы оның үміткерлігін қолдадық. Сол жиналыста "Бұрғылау" ЖШС басшылығы да, заңгер де болды. Ал енді төрағамызға қатысты қудалау басталып отыр. Оған қатысты екі қылмыстық іс және төрт әкімшілік іс қозғалды, қазір ол үй қамауында. Оған қатысты барлық істі жауып, босатуын талап етеміз", - дейді "Бұрғылау" ЖШС кәсіподақ ұйымының мүшесі Ықылас Исатаев. 

Кеше "Бұрғылау" ЖШС өкілдері кәсіпорындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Дүйсенбай Таушанов "Бұрғылау" ЖШС-ның директоры болып бір ай бұрын ғана тағайындалыпты. Кәсіподақ төрағасы Бегалиев пен 1344 жұмысшының қолы жиналған талап-арыз оған 23 қыркүйекте түсіпті. 

Жұмысшылар қарауға бес пунктті алға тартып отыр. Біріншіден, еңбекақы төлемінің бірыңғай жүйесіне (ЕТБЖ) өту және қазіргі ЕТБЖ мен 2014 және 2015 жылдардағы жүйемен есептегендегі айырма қаражатын төлеу. Екіншіден, 2014, 2015 және 2016 жылдардағы бонустарды төлеу. Үшіншіден, олар жалақыны сегіз сағаттық жұмыс күні ретінде жалақы төлеуді талап етіп отыр, ал ЖШС екі айға төрт сағаттық жұмыс уақытына өткен. Талаптың төртінші пунктінде 2015 жыл бойынша еңбек демалысы бойынша түсіндірме айтылған. Ал бесінші пункті - көлік жүргізушілеріне жалақыны қайта есептеп беру, оның ішінде арнайы техникамен жұмыс істейтіндер де бар. 

Өз кезегінде компания басшылығы ЕТБЖ-ға өту бойынша талаптың орындалуы мүмкін емес екенін айтқан еді. "Бұл жүйе бойынша тек ірі компаниялар жұмыс істейді, біз олардың еншілес компаниясымыз. Біз қарапайым ЖШС-мыз, мердігерлік жұмыстарды істейміз. ЕТБЖ мен біздің жалақымыздың айырмасы бар болғаны 7-9 пайыз. Оның үстіне, компания қазір шығындалып жатыр. Осы жылы біз 1 миллиард теңгеге қарызданып қалдық. Қараша айының жалақысын төлеу үшін кредит алдық", - деген болатын Таушанов. 

"Mhindustry" ЖШС бас директоры Төлеген Әжібаев болса мердігер компанияның жұмыс көлемін уақтылы орындамай жатқанын айтқан еді. Осыған дейін компания жылдам жұмыс істеп, осы үшін бонус алып отырса, қазір мұндай молшылық жоқ. Жыл басынан бері 151 ұңғыма қазылыпты. Бүгінде тағы 15-і қалып отыр екен. Осыдан кейін тағы 34 ұңғыма бергелі жатыр. "Бізде әлі аяқталмаған ұңғымалар бар, жұмыс тоқтап қалды. Бұл төтенше жағдайға әкеп соғуы мүмкін", - деп мәлімдеген болатын ол. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer