07 қазан 2016 | 09:28

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдікті кінәсін мойындамай отыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады делінген күдікті өз кінәсін мойындамай отыр. Бұл туралы күдіктінің мемлекеттік қорғаушысы Намиг Велиев мәлімдеді, - деп жазады "Тумба" басылымы. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады делінген күдікті өз кінәсін мойындамай отыр. Бұл туралы күдіктінің мемлекеттік қорғаушысы Намиг Велиев мәлімдеді, - деп жазады "Тумба" басылымы. 

Намиг Велиевтің айтуынша, ұсталған азаматқа ҚР Қылмыстық Кодексінің үш бабы бойынша айып тағылған: "Адам өлтіруге оқталу", "Адам ұрлау" және "Зорлау". "Молекулярлық-генетикалық сараптама оның кінәсі бар екенін көрсетті, алайда оның кінәсін дәлелдеу үшін бір сараптаманың нәтижесі жеткіліксіз. Күдікті сотта кінәсін мойындамай отыр. Мен мемлекеттік қорғаушы ретінде жұмысымды атқарып жатырмын. Егер де сот оның кінәсі бар екенін дәлелдесе, ол 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді адвокат.

Адвокаттың айтуынша, 32 жастағы күдікті дүкендерге азық-түлік тасып, такси жүргізушісі болып жұмыс істеген.

Ал "Хабар" телеарнасының мәліметінше, адвокат алты жасар қызды зорлады деп айыпталған күдіктінің ешқандай да сырқаты жоқ екенін айтқан. Адвокат Намиг Велиевтің айтуынша, ол бірінші күннен-ақ оған тағылған айыпты мойындамай отыр.

Айта кетейік, осыған дейін 6 жасар қыздың жағдайы күрт нашарлап кеткені жайлы хабарланған болатын. "Қазір ауруханада қыздың ата-анасы мен тағы бір әжесі жүр. Қыздың жағдайы нашарлап жатыр, қыз ісіне бастады. Егер осыған дейін оған келушілерді 2 рет кіргізетін болса, қазір тек бір рет кіруге рұқсат етіп отыр. Қатты зақым алған. Біріншіден, оны тұншықтарған, ал екіншіден, ол бірнеше сағат бойы аптап ыстықта ес-түссіз жатты. Оның миының қызметі тоқтаған", - деді ол.

Еске салайық, оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Полициядағылар қыздың сол күні 17.30 шамасында табылғанын хабарлаған. Қыздың жағдайы ауыр болған, көп қан жоғалтқан, күн өтіп кеткен. Тәртіп сақшылары оны "Нұр Плаза" жағалауына қарама-қарсы саяжайдан тапқан. Осы дерекке "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғаны белгілі. 

29 сәуірде Астанада дәрігерлер Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың жағдайын айтып берген болатын. "Қазір қыздың жағдайы аса ауыр, коматоз күйде жатыр. Оның өкпесіне аппарат қосылды. Интенсивті терапия алып жатыр", - деді Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының баспасөз қызметіндегілер. 

Сонымен қатар, осы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Ақтау қаласынан Астана ауруханасына жеткізілген алты жасар қыздың денсаулығы жайында мәлімдеме жасаған болатын.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer