Samsung компаниясы Galaxy Note 7 өндірісін тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Samsung компаниясы Galaxy Note 7 өндірісін тоқтатты © cnet.com

Оңтүстіккореялық Samsung Electronics компаниясы осыған дейін Galaxy Note 7 смартфондарының өздігінен жарылып кетуі жайлы тараған хабарламаларға байланысты смартфондарды уақытша шығармайтын болды, - деп хабарлайды Рёнхап агенттігі жасырын дереккөзге сілтеме жасап. 


Жасырын дереккөздің мәліметінше, бір зауытта ғана Galaxy Note 7 смартфондарын шығару тоқтатылды. "Samsung Electronics компанияларының ішінде халықаралық тауар жеткізілімен айналысатын Вьетнамдағы Samsung өз жұмысын тоқтатады", - деп келтіреді сөзін басылым.

Айта кетейік, Note 7 смартфондары 19 тамызда Оңтүстік Кореяда, ал қыркүйек айының басында 2,5 миллион Galaxy Note 7 смартфондарының жарылу қаупі жайлы хабарламалар таралған болатын. Әсіресе, АҚШ-та, Оңтүстік Кореяда және Тайвань елдерінде. Сонымен қатар, Америкада AT&T және T-Mobile US ұялы байланыс операторларының Note 7 смартфондарын сатылымға шығаруды тоқтатқаны айтылады.

Осыған дейін "Эйр Астана" өкілдері неліктен Samsung Galaxy Note 7 смартфондарын алып өтуге тыйым салғанын түсіндірген болатын. Сондай-ақ, Qazaq Air өкілдері де Samsung Galaxy Note 7 смартфондарын алып өтуге тыйым салған еді. "Samsung Electronics компаниясының Samsung Galaxy Note 7 смартфондарына қатысты ресми хабарламасының негізінде, сондай-ақ, Әуе көлігі халықаралық қауымдастығы (IATA) мен ҚР Азаматтық авиация өкілдерінің хабарламасына сәйкес, Qazaq Air жолаушылардан Samsung Galaxy Note 7 телефонын қосудан, қуаттаудан, сондай-ақ осы телефонды жүкке тапсырудан бас тартуды сұрайды." - деген еді әуе компанияның өкілдері. 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +18
Астана +16
Ақтау +23
Ақтөбе +21
Атырау +22
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +14
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +14
П
Павлодар +20
Петропавл +16
С
Семей +17
Т
Талдықорған +22
Тараз +27
Түркістан +18
О
Орал +12
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер