10 қазан 2016 | 16:59

Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде Қазақстан әлемнің 180 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pm.kz © pm.kz

Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде Қазақстан әлемнің 180 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ҚР Парламенті Мәжілісіндегі үкіметтік сағат барысында айтты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде Қазақстан әлемнің 180 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ҚР Парламенті Мәжілісіндегі үкіметтік сағат барысында айтты.

"Осындай қысқа тарихи уақыт ішінде Қазақстан сыртқы өсірінде көптеген маңызды жетістіктерге жетті. Біз халықаралық аренада өзіміздің субъектілігімізді қайырылмастай етіп бекіттік, әлемнің 180 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастар орнаттық, басты халықаралық ұйымдардың құрамына кірдік, құрлықтық мемлекеттік шекарамызды нақты бекіттік, еуразиялық кеңістікте интеграциялық үдерістердің локомотиві болдық", -деді министр.

Ведомство басшысы Қазақстан 25 жылдың ішінде ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ЕАЭО, ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, АӨСШК және Түркі кеңесіне төрағалық еткендігін айтып өтті.

"Мемлекет әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съездерін тұрақты өткізуді бастады, ДСҰ-ға кірді, даулы жағдайларды шешуде тиімді арада жүрді, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізу құқығын алды, БҰҰ Бас ассамблеясының ядролық қарудан азат бейбітшілік құрудың жалпы декларациясына бастама жасады, 2017-2018 жылдарға БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелік етуін алды", - деді министр.

Ерлан Ыдырысовтың айтуы бойынша, Қазақстанның халықаралық аренадағы барлық жеңістері мен жетістіктері еліміздің Бірінші Президентінің есімімен тығыз байланысты.

"Мемлекет басшысының стратегиялық болжай алуының, ерекше дарындылығының, дипломатиялық талантының және оның шет мемлекеттердің басшыларымен сенімді қарым-қатынасының арқасында қазақстандық дипломатия әлемнің барлық елдерімен өзара қарым-қатынастың сенімді жүйесін құрды. Біздің халықаралық аренадағы барлық күшіміз мемлекетіміздің ұлттық мүдделерін қорғау үшін ел ішіндегі терең саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер үшін қолайлы сыртқы жағдайлар жасауға бағытталған", - деп сөзін қорытындылады министр.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer