Қарағандыда орталық әмбебап дүкенінің ғимараты қоршауға алынып, адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
Қарағандыда орталық әмбебап дүкенінің ғимараты қоршауға алынып, адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
Сондай-ақ, Бұхар жырау даңғылында қозғалыстың тоқтатылмағаны айтылады. Оқиға орнында полицейлер, әскери қызметкерлер, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері жүр. Облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер 600-ге жуық адамның эвакуацияланғанын хабарлады.
"Сағат 16.34-те 112 пультіне Орталық әмбебап дүкенінде жарылғыш зат бар деген хабарлама келіп түскен. Ер адам қоңырау шалған. Оқиға орнына жедел қызметкерлер барды. Қазіргі уақытта ғимарат тексеріліп жатыр, 600-ге жуық адам эвакуацияланды. Олардың қатарында дүкеннің қызметкерлері мен техникалық қызмет көрсетушілер бар", - деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің хатшысы Бақытжан Құдияров.
Еске салайық, 7 маусымда да Қарағандыда орталық әмбебап дүкені қоршауға алынған болатын. Алайда онда ешқандай жарылғыш зат табылмады.