11 қазан 2016 | 09:57

Қазақстандықтар жария ету науқанының шеңберінде банк шоттарына 2 триллионға жуық қаражат енгізді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстандықтар жария ету науқанының шеңберінде банк шоттарына 1,8 триллион теңгеден астам қаражат енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар жария ету науқанының шеңберінде банк шоттарына 1,8 триллион теңгеден астам қаражат енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жария ету жөніндегі науқанның қолданылу кезеңі ішінде 2014 жылғы 1 қыркүйек - 2016 жылғы 6 қазан аралығында банктер 4201 банк шотын ашып, оларға шамамен 1 триллион 870 миллиард теңге салды. Бұл туралы ҚР ҰБ төрағасының орынбасары Олег Смоляков ҚР Үкіметінің отырысы барысында айтып берді.

Оның айтуынша, 1 триллион 658 миллард теңгеден кем емес шетел валютасында, басым түрде АҚШ долларымен жария етілді. Бұл жалпы жария етілген ақша сомасының 89 пайызын құрайды. "Жария етілген ақшалай қаражаттың жартысынан көбі - 53 пайызы банк шоттарына қолма-қол нысанда салынды. Қолма-қол ақшасыз аударымдар арқылы 47 пайызы есептелді, олардың 14 пайызы - шетелдік банктердегі шоттардан аударымдар", - деп атап өтті Олег Смоляков.

"Арнайы шотта қаражатты сақтау бойынша талаптың күшін жоюына байланысты, азаматтар жария ету рәсімдері аяқталғаннан кейін ақшаны арнайы шоттардан әдеттегі банк шоттарына аударуды жөн көреді. Жария ету кезеңі ішінде арнайы шоттардан басқа банк шоттарына ақшалай қаражаттың 62 пайызы аударылды. Бұл ретте, жария етілген ақша негізінен Қазақстанның банктерінде ашылған банк шоттарына аударылады. Шетелдік банктерде
ашылған шоттарға жария етілген ақшаның 9 пайызына жуық аударылды", - деп хабарлады ҚР ҰБ өкілі.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer