11 қазан 2016 | 10:14

Қазақстанда астықтың рекордты көлемі жиналды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстанда астықтың рекордты көлемі жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда астықтың рекордты көлемі жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің селекторлық режимдегі кезекті отырысында биылғы астық өнімінің қорытындысы талқыланды. 

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғановтың мәліметі бойынша, астық қабылдау бекеттеріне 4,6 миллион тонна астық жеткізілген. Оның ішінде 3,8 миллион тоннасы - бидай. 14,5 пайызға дейінгі дымқыл бидайдың үлесі жалпы көлемде 57,4 пайызы құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,2 пайызға артық болып шықты.

Қайрат Айтуғанов астық жинау жұмыстарын жүргізу үшін өңірлер дер кезінде арзандатылған дизель отынының қажетті мөлшерімен қамтамасыз етілгенін айтты. "Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерден астық кептіру үшін қосымша 74 мың тонна дизель отынын бөлу туралы өтінімдер түсті. Үкімет бұл мәселені дер кезінде шешті", - деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов.

Сонымен қатар, электронды астық қолхаттар айналысына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Оның саны бүгінде 2,8 миллион тонна жалпы көлемге 17 мыңнан астамға жетті. Электронды астық қолхаттарының ең көп саны негізгі астықты аймақтарда шығарылды: Ақмола облысында - 7,8 мың, Қостанай облысында - 4,8 мың, СҚО-да - 3,7 мың.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғановтың айтуынша, жемшөп дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде 23,6 миллион тонна ірі азық және 1,2 миллион тонна балауса жемшөп дайындалды. Бұл сәйкесінше өткен жылғы деңгейден 69 пайызға артық.

"2017 жылғы егін үшін 2 миллион тоннадан астам тұқым немесе қажеттіліктің 98 пайызы себіледі. ОҚО, ШҚО, СҚО, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарында тұқым себу жоспарлары орындалды", - деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов.

Мәлімдеме соңында биылғы жыл, яғни Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы еліміздің ауыл шаруашылығы үшін айтарлықтай табысты аяқталғаны аталып өтті. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында және агробизнес үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған мемлекет саясатының нәтижесінде астықтың рекордты көлемі жиналды. 

Осыған дейін Қазақстанның ағымдағы жылы 23,1 миллион тонна астық жинағаны хабарланған болатын. 

Астықтың жалпы жиынтығы бункерлік салмақта 23,1 миллион тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артық. Ақмола облысында 5,7 миллион тонна, СҚО-да 5,6 миллион тонна, Қостанай облысында 5,5 тонна астық тартылды. Қарағанды облысында 1 миллион тоннадан астам астық жиналды. Сонымен қатар, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тары өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда сәйкесінше 4 және 3 есе артты.Оңтүстік өңірдің облыстары мақта, қант қызылшасы және күріш өнімдерін жинау жұмыстарын жүргізіп жатыр, тиісінше жоғары түсім болады деп күтілуде. Биыл күріштің жалпы жиынтығы 432 мың тоннаға жетті. Қызылорда облысында өнімділік 47 ц/га құрады, сәйкесінше, бұл рекордты көрсеткіш.  

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer