12 қазан 2016 | 10:58

Тоқаев БҰҰ-ның арнайы елшісін қабылдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы ВИЧ/СПИД жөніндегі Арнаулы өкілі Мишель Казачкинді қабылдады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы ВИЧ/СПИД жөніндегі Арнаулы өкілі Мишель Казачкинді қабылдады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төраға кейінгі отыз жылда күллі әлемдегі денсаулық сақтау саласының сапасы мен тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосқан белгілі ғалым М.Казачкиннің қызметі туралы жылы шырай білдірді.

Қ.Тоқаев жұқпалы аурулар және сырқаттармен орнықты күресті дамыту саласы БҰҰ-ның жаңа Күн тәртібі аясындағы басымдықтардың бірі болып белгіленгенін атап өтті. "2030 жылдарға қарай ВИЧ/СПИД індеттерін жою –халықаралық қоғамдастықтан үйлесімді іс-қимыл талап ететін ортақ міндетіміз", - деп атап өтті Төраға. Сондықтан Қазақстан БҰҰ алаңдарындағы "Ғылым есірткілер мен ВИЧ-ке қарсы", "Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі ВИЧ және өкпе аурулары" және басқа да бірқатар халықаралық шаралардың қос ұйымдастырушысы болды.

Қазақстандағы ұлттық деңгейдегі ВИЧ/СПИД-пен күрес жөніндегі негізгі стратегиялық құжаттарға 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясы мен "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы (2011-2015 жылдардағы) да іске қосылды. Төраға ВИЧ жұқтырғандарға мемлекеттік бюджет қаржысы және халықаралық ұйымдардың техникалық көмегі есебінен тегін дәрігерлік көмек көрсетілетінін айтты. ВИЧ/СПИД-тің алдын алу саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қолдау жасалады.

Қ.Тоқаев Алматыда ЮНЭЙДС-тің ВИЧ/СПИД-тің таралуымен күрес жөніндегі Орталық Азия елдеріне арналған субаймақтық кеңсесін ашу туралы шешіміне қолдау білдірді.

БҰҰ Бас хатшысының Арнаулы өкілінің пікірінше, Қазақстан Орталық Азиядағы мигранттар арасындағы ВИЧ/СПИД және өкпе ауруларымен науқастану мәселелерінде оларды уақытында емдеу мақсатындағы үйлестіруші рөлін ала алады. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer