12 қазан 2016 | 19:46

Астанада діни экстремизмнің құрбандары туралы спектакль көрсетіледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Марат Әбілов © Марат Әбілов

Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайында алғаш рет "Есігімді қаққан кім?" спектаклі сахналанады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап. Пьеса теріс ағым жетегіне түскен жас отбасының мәселесі жайлы әңгімелейді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайында алғаш рет "Есігімді қаққан кім?" спектаклі сахналанады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап. Пьеса теріс ағым жетегіне түскен жас отбасының мәселесі жайлы әңгімелейді.

Шығарманың авторы жазушы-драматург, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, спектакль оның "Жан шырылы" романы бойынша қойылады.

"Бұл көркем шығарма, онда қиял да, дәлелдер де бар, негізінен, қоғамда орын алған фактілер келтіріледі. Радикалды діни ағымдар Қазақстанда тамырын жайып келеді, жастарымыз олардың ықпалына түсіп, кейбіреулері отбасыларын алып Сирияға кетіп жатыр. Бұл бір халықтың, бір ұлттың ғана мәселесі емес. "Есігімді қаққан кім?" деп аталғанымен, бұл жерде жүрек пен сана туралы айтылған", - дейді автор.

Оның айтуынша, шығарманы жазуға бір жылдан артық уақыт жұмсалған. Жазушы құжаттарды зерттеп, терроризмге қарсы органдардың көмегіне жүгінген. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының режиссері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов спектакльді екі айдың ішінде қойған.

Драма қарапайым қазақ отбасы туралы. Асқар мен Гүлнұр атасы мен әжесінің қолында өсіп жатқан қыздарына бір жылдан астам уақыттан бері бармайды. Бұған олардың теріс діни ағымды ұстанатыны себеп болады. Жастар жағдайдың мән-жайын тек қыздарымен бірге шетелдегі террористер лагеріне түскенде ғана түсінеді. Бірақ олар ол жерден шыға алмай қалады.

Спектакль азаматтарды бейбітшілікті, отанымызды және отбасымызды бағалауға, сондай-ақ, басты кейіпкерлердің қателігін қайталамауға шақырады. Спектакль 17 қазанда сағат 19-да басталады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer