13 қазан 2016 | 10:23

Қазақстанда әйелдердің денсаулығын қорғау бойынша онкүндік басталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Anabol.kz © Anabol.kz

2016 жылдың 12 мен 21 қазан аралығында Сүт безінің қатерлі ісігі туралы хабардар болу дүниежүзілік күнінің аясында республиканың барлық аймақтарында әйелдердің денсаулығын қорғау онкүндігі өтеді, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

2016 жылдың 12 мен 21 қазан аралығында Сүт безінің қатерлі ісігі туралы хабардар болу дүниежүзілік күнінің аясында республиканың барлық аймақтарында әйелдердің денсаулығын қорғау онкүндігі өтеді, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақпараттық кампанияның негізгі мақсаты - халықтың назарын қатерлі ісік ауруларының алдын алу мен оны ерте анықтау мәселелеріне аудару, уақытылы скринингтік тексерудің анықтаудың маңыздылығы жөнінде әйелдердің сауаттылығын арттыру, өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті қалыптастыру және азаматтарды салауатты өмір салтына бейім болуға ынталандыру.

Еліміздің аймақтарында өтетін онкүндік барысында сүт безі қатерлі ісігін алдын алу мәселелері бойынша алғашқы звено медициналық қызметкерлері үшін оқу семинарларын, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Халық үшін бейінді мамандардың қатысуымен алғашқы медициналық-санитарлық ұйымдарда ашық есік күндерін, денсаулық мектептерінде сүт безі қатерлі ісігі қаупінің факторларын төмендету және басқа да тақырыптар бойынша сабақтарды өткізу жоспарланып отыр.

2015 жылы Ұлттық скринингтік бағдарлама аясында қатерлі және қатерсіз сүт безі ісіктерін ерте анықтау бойынша 408 824 әйел тексерілді, 96 702 сүт безінің әртүрлі патологиялары анықталды.

Ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта тексерілуі тиіс 403 589 әйелдердің ішінде 218 281 адам тексерілді. 320 (0,1 пайыз) сүт безі қатерлі ісік жағдайы анықталып, оның ішінде 313 (97,8 пайыз) әйел адам диспансерлік есепке алынды.

Айта кетейік, сүт безі ауруларының ішінде мастопатия, сарысулы ісік, қатерсіз сүт безі ісіктері жиі кездеседі. Аталған аурулардың барлығы сүт безі қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін. Сондықтан, әрбір әйел сүт безі ауруларын ерте диагностикалаудың уақытылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретінін білгені абзал.

Естеріңізге салайық, әлемде сүт безінің қатерлі ісігі туралы хабардар болу дүниежүзілік күні жыл сайын 21 қазанда атап өтіледі. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer