13 қазан 2016 | 14:16

Қазақстандықтардың 21 пайызы жұмыстан шығып қаламын деп қорқады - сауалнама

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© kursiv.kz © kursiv.kz

"Жобалар зертханасы" сараптама компаниясы қазақстандықтар алдағы алты айда жұмысынан айырылып қаламын деп қорқа ма, жоқ па - осы мәселені анықтауға тырысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Жобалар зертханасы" сараптама компаниясы қазақстандықтар алдағы алты айда жұмысынан айырылып қаламын деп қорқа ма, жоқ па - осы мәселені анықтауға тырысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мәселен, сауалнамаға қатысқандардың 21 пайызы қорқынышының барын айтқан. Ал 17 пайызының тұрақты жұмысы бар болғандықтан, қорықпайтынын айтып отыр және жұмыс берушілері орнынан қумайды деп есептейді екен. Алайда сауалнамаға жауап бергендердің 49 пайызы алда барлық жағдайдың болуы мүмкін екенін айтып, бұл мәселеге біржақты пікір айта алмайтынын жеткізген. 

Зерттеуге сәйкес, респонденттердің 43 пайызы өмір сүруге қаражаттың жетпейтінін, сондықтан үнемдеуге тура келетінін, ал 26 пайызы әрең дегенде жететінін атап өткен. Мысалы қатысушылардың 22 пайызы амалының жоқтығынан ақшаны қарызға алатын болса, 9 пайызы тіпті ақша жинауға мүмкіндігі бар екенін айтқан.

Қатысушыларға "Таяу арада банктен кредит алуды жоспарлап жүрсіз бе?" деген сұрақ қойыды. 44 пайызы "жоқ" деп жауап берген. Ал 40 пайызының кредиті бар екен.

Қатысушылардың 48 пайызы ақшаның жетіспеушілігінен өмір салтының өзгергенін айтқан, сондықтан олар көңіл-көтеруге шыға бермей, үйде отыруды жөн көреді, ал 32 пайызы Интернетті қолдана бастаған.  

Бұл сауалнамаға 200 адам қатысыпты. Көбінде олар Алматыдан, Астанадан, Өскеменнен іріктеліпті. Олардың 48 пайызы - әйелдер, ал 52 пайызы ер адамдар. Сауалнамаға қатысқандардың жас шамасы 40-49 жас аралығында, 27 пайызы 30 бен 39-дың аралығындағылар және 18 пайызы 20-29 аралығындағылар. Қатысушылардың айлық жалақысы үштен бірінде 50 мың теңге, 26 пайызының табысы - 50-100 мың теңге аралығында. Ал 18 пайызының табысы 100-200 мың теңге аралығында екен.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer