Ақтөбедегі теракт ісі бойынша басты сот отырысының уақыты белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі теракт ісі бойынша басты сот отырысының уақыты белгілі болды © rgmedia.kz

Теракт бойынша алғашқы сот отырысы 18 қазанға белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теракт бойынша алғашқы сот отырысы 18 қазанға белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі.

Қылмыстық іс Ақтөбе облысының арнайы ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотында қарастырылады. Сот 5 маусымдағы терактілерге қатысы бар 29 адам: 9 адам тікелей қатысты, ал 18 адам дайындалып жатқан қылмыс жайында хабарламағаны үшін айыпталады, тағы екі адам жасырғандары үшін. 

Сотталушыларды 27 адвокат қорғайтын болады. Қылмыстық іс 201 томнан тұрады. Сот барысында 48 адам куәгер болады, ал 88 адам зардап шеккендер ретінде шақырылады

Шулы істі сотта қарастыру барысын хабарлап отыру үшін, журналистерге сот залынан онлайн-трансляция жүргізілетін арнайы орын бөлінді.

Еске салайық, Ақтөбедегі теракт кезінде жеті адам қаза болған. Олардың үшеуі әскерилер, төртеуі - бейбіт тұрғындар. Жарақат алғандар саны 30 шақты. Террористер қаладағы әкімшілік ғимараттар мен түрмені басып алмақ болған.

Дәстүрлі емес дін ағымының 25 өкілі "Пантера" және "Паллада" қару дүкендеріне, 6655 әскери бөліміне шабуыл жасаған. Ол кезде Қазақстанда алғаш рет террористік қауіптің қызыл деңгейі жарияланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети