16 қазан 2016 | 17:11

Париж бен Брюсселде теракт жасағандар Афинада дайындықтан өткен - БАҚ

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© express.co.uk © express.co.uk

Салдарынан көптеген адам мет болған Париж бен Брюсселдегі терактілерді ұйымдастырушылардың Афина қаласында да өз базасы болған. Бұл туралы брюсселдік соттың Вервь қаласындағы террористердің ұйымы туралы құжаттарында айтылған, - деп хабарлайды РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Салдарынан көптеген адам мет болған Париж бен Брюсселдегі терактілерді ұйымдастырушылардың Афина қаласында да өз базасы болған. Бұл туралы брюсселдік соттың Вервь қаласындағы террористердің ұйымы туралы құжаттарында айтылған, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Құжатқа сәйкес террористердің sim-карталары анықталып, Афинадағы компьютерлерде жарылғыш заттарды даярлау нұсқасы мен Завентем әуежайына шабуыл жоспары, сонымен бірге еуропалық екі қалада қолданылған жарылғыш заттарды дайындау нұсқаулығы да табылған",- деп жазады басылым. 

Мұның алдында Грекия полициясы ел астанасының Панкрати ауданында тінту жүргізген.

Компьютерлердің бірінде Париж бен Брюсселде қолданылған жарылғыш заттарды дайындау нұсқаулығы жазылған дәптердің фотосуреттері анықталған. Брюссель әуежайындағы жарылыстар жоспарының фотосуреттері табылған.

Вервь қаласындағы ұйым мүшелерінің көзін жою операциясы 2016 жылы қаңтар айында өткен. Олар Сириядан Белгияға барарда және қайтар жолда Груцияда аялдап отырған. Афинада оларды жарылғыш заттарды дайындауға үйреткен. Олар Грекияны Еуропаға барар көпір ретінде пайдаланып, осы бір дәліздің жабылып қалмас үшін елде терактілер ұйымдастырмаған болуы керек деген пайымдар бар. 

2015 жылдың 13 қарашасында террористердің үш тобы Париж бен қала шетіндегі Сен-Дени ауданында бірнеше шабуыл жасаған. Салдарынан 130 адам мерт болып, 350-ден астамы жарақат алған болатын. 22 наурызда Брюссель әуежайында екі жарылыс болды. Ол кезде 29 жастағы Ибрагим әл-Бакрауи мен 24 жастағы Наджим Лаашрауи өздерін жарған. Бүл оқиға салдарынан 14 адам мерт болып, 100-дей адам жараланған еді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer