Шығыс Қазақстан облысында өзінің сыныптасын өлтірді деген күдікті қыз қылмыстық жазадан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қыздың 14 жасқа толмауына байланысты қылмыстық жазаға тартылмайды. Бұл туралы ШҚО Глубокое ауданының прокуратурасының қкілдері мәлімдеді.

Қыз бала өзінің сыныптасы - Прапорщиков ауылының тұрғыны Медет Маратовты өлтірді деп айыпталып, ұсталған.
"Сотқа дейінгі тергеу шаралары барысында қыздың қылмысты жасағаны анықталған, бірақ іс сотқа жіберілмейді, себебі заң бойынша 14 жасқа толмаған балалар қылмыстық жазаға тартылмайды, - деді аудан прокуроры Василий Александров. - Қазіргі уақытта ол күдікті болып та есептелмейді".
Прокуратура өкілдерінің мәліметінше, олар сотқа қыздың мінез-құлқында ауытқушылығы бар арнайы оқушыларға арналған мектепке ауыстыру бойынша істі жіберген. Шығыс Қазақстанда мұндай қыздарға арналған мектептер жоқ, егер сот қызды басқа мектепке ауыстыратын болып шешсе, онда ол мекен-жайын ауыстыруы керек болады.
Еске салайық, Прапорщиков ауылының 14 жастағы тұрғыны Медет Маратов 20 сәуірде мектептен үйге қайтпаған. Келесі күні оның мәйіті тастанды ғимаратта табылған. Оның денесінде зорлық-зомбылық іздері болған. Баланың туыстары оның денесіне бірнеше рет пышақ сұғылғаны және басы жарылғанын айтқан. Медетті өлтірді деп оның сыныптасы ұсталған. Тергеу кезінде қыз ата-анасының қарауында болған.