Дәрігерлер қазақстандықтарды алкогольден бас тартуға шақырып отыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© MedAboutMe © MedAboutMe

2016 жылдың 17 мен 26 қазаны аралығында еліміздің барлық аймақтарында ішімдіктен бас тарту Ұлттық күнінің аясында "Алкогольді ішімдіктерден бас тарт!" деген ұранмен онкүндік өтеді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

2016 жылдың 17 мен 26 қазаны аралығында еліміздің барлық аймақтарында ішімдіктен бас тарту Ұлттық күнінің аясында "Алкогольді ішімдіктерден бас тарт!" деген ұранмен онкүндік өтеді.

Шараны өткізудегі мақсат - халықтың алкогольді ішімдіктердің ағзаға тигізетін жағымсыз әсері туралы хабардарлығын арттыру, балалардың, жасөспірімдер мен жастардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Онкүндік барысында медициналық ұйымдарда мамандар кеңесінің ашық есік күндері өтеді: дөңгелек үстелдер; психолог, нарколог, әлеуметтік мамандардың қатысуымен оқу орындарында алкогольді ішімдіктерден бас тарту әдетін қалыптастыру және басқа да шаралар өтеді.

Алкогольді ішімдікті шамадан тыс қолдану өлімнің кобеюіне, денсаулықтың және тұрғындардың еңбекке қабілеттілігінің нашарлауына басты себеп болып отыр. Ол психикалық және мінез-құлықтық ауытқуларға, оның ішінде ішімдікке тәуелділікке, бауыр циррозы, қатерлі ісіктің кейбір түрлеріне, жүрек-қан тамырларының аурулары және тағы басқа ауыр жұқпалы ауруларға әкеп соғады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, әлемде ішімдікті шамадан тыс қолданудың нәтижесінде жыл сайын 3,3 млн. адам қайтыс болады.

Биылғы жылы 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларында ДДСҰ әдісі бойынша ересек тұрғындар мен жасөспірімдер арасында қауіптің мінез-құлықтық факторларының таралуын анықтау бойынша VI Ұлттық әлеуметтік зерттеу аяқталды. Зерттеу шаралары өмір сүру әдеттерін бағалаудың бұрынғы сараптамаларымен салыстырғанда, ішімдіктерді қолдану көрсеткішінің төмендеуі анықталды: 1998 жылғы 55 пайыздан 2015 жылғы 24,2 пайызға дейін, ішімдікті шамадан тыс қолдану 2012 жылғы 5 пайыздан 2015 жылғы 4,1 пайызға дейін.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда алкогольді ішімдіктен бас тарту Ұлттық күні 2007 жылдан бері аталып келеді.  

2011 жылы ДДҰ Еуропалық бюросы 53 елінің өкілдері алкогольді ішімдікті қолдануды азайтуға бағытталған 2012-2020 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарын бекіткен болатын. Бұл құжатта аталған проблеманың барлық қырлары қарастырылып, алкогольмен байланысты жағымсыз әсерлерді азайтудің тиімділігі дәлелденген әрекеттердің бірнеше нұсқаларын ұсынылды. Алкогольдің бағасын ырықтандыру, көлікті мас күйінде жүргізуді реттеу мен алкогольді жарнамалауды азайту шаралары едәуір тиімді стратегиялар болып табылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 494.26  course up  536.57  course up  5.51  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer