Швейцария Қазақстанның сауда серіктестерінің бестігіне кіреді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© parlam.kz © parlam.kz

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Женева кантоны экономика және қауіпсіздік министрі, Швейцария Конфедерациясының мемлекеттік кеңесшісі Пьер Модэні қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламенттің жоғарғы палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Женева кантоны экономика және қауіпсіздік министрі, Швейцария Конфедерациясының мемлекеттік кеңесшісі Пьер Модэні қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламенттің жоғарғы палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Женеваның бұрынғы мэрі ретінде П. Модэ Қ. Тоқаевтың 2011-2013 жылдары БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Женева бөлімшесінің Бас директоры лауазымын атқарған кездегі қызметін жоғары бағалады. Тараптар бірлескен күш-жігердің арқасында жаһандық дипломатияның орталығы ретіндегі Женеваның мәртебесі айтарлықтай арта түскенін атап өтті. Сенат Төрағасының айтуынша, әлемде геосаяси шиеленістер өршіп тұрған бүгінгі жағдайда БҰҰ Женева штаб-пәтері көпжақты келіссөздер, жанжалдардың алдын алу, дағдарыстарды реттеу үшін маңызды алаң ретінде одан әрі жан-жақты қолдауды қажет етеді.

Сенат Төрағасы Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайту жөніндегі П. Модэнің ниетіне құптау білдірді. Қазіргі уақытта, Қазақстанның әлем елдерімен сауда айналымының көлемі бойынша Швейцария бесінші орында тұр. 2015 жылы екі жақты сауда көлемі 2,79 миллиард АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар, Швейцария соңғы он жылда Қазақстан экономикасына 14,5 миллиард доллар инвестиция салған ірі инвесторларының бірі болып табылады.

Төрағаның айтуынша, екіжақты ынтымақтастықтың оң үрдісін дамыта беру қажет. Осыған байланысты, Қ. Тоқаев П. Модэ бастаған Швейцария кәсіпкерлері делегациясының сапары өзара тиімді қарым-қатынастарға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 494.26  course up  536.57  course up  5.51  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer