18 қазан 2016 | 13:36

Венгрия ЭКСПО-2017 көрмесіне "ИКАРУС" жаңа экологиялық таза автобустарды әкелуге дайын

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырушы кеңсесінде "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Венгрияның Ұлттық экономика жөніндегі министрі Михай Варгамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі expo2017 сайтына сілтеме жасап. Басқосу барысында екі жақ "Астана ЭКСПО-2017" көрмесіне Венгрияның қатысуы барысы туралы талқылады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырушы кеңсесінде "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Венгрияның Ұлттық экономика жөніндегі министрі Михай Варгамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі expo2017 сайтына сілтеме жасап. Басқосу барысында екі жақ "Астана ЭКСПО-2017" көрмесіне Венгрияның қатысуы барысы туралы талқылады.

Ахметжан Есімов Қазақстан мен Венгрияны терең тарихи тамыр мен мәдени дәстүрдің байланыстыратындығы атап өтті. Басқарма төрағасы ЭКСПО нысандарының дайындығына және павильондардың халықаралық қатысушыларға өткізуге дайын екендігіне тоқталды.

"Біз венгр павильонын көрдік, барлық жұмыстардың мерзіміне сәйкес жүргізіліп жатқандығын білдік. Біз осы іс-шараға мейлінше көп Венгрия кәсіпорындарын тартуға талпындық. Бұл ретте, біздің осы делегация құрамына 60 бизнесмен қосылды", - деді Венгрияның Ұлттық экономика жөніндегі министрі.

ЭКСПО-2017 қатысушылары мен қонақтарын тасымалдау үшін венгрлік әріптестер Көрмеге сонау Кеңес одағы кезінен белгілі ИКАРУС жаңа заманауи электробустарының шусыз, қоршаған ортаны ластамайтын түрлерін әкелуге дайын екендігін жеткізді.   

Айта кетейік, бүгінде Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне өзінің қатысатындығын 104 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым растады, 98 мемлекет комиссарларын  тағайындап, 82 қатысу келісімшартына қол қойылды. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer