Тәжікстан ЭКСПО-2017-де болашақтың энергиясы саласындағы жетістіктерін көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәжікстан ЭКСПО-2017-де болашақтың энергиясы саласындағы жетістіктерін көрсетеді © ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Шариф Саидпен 17 қазанда кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұрлан Сейтімов ЭКСПО-2017 Мамандандырылған халықаралық көрмеде Тәжікстан Республикасының экспозициясының Бас комиссары ретінде тағайындалғаны үшін төрағаны құттықтады.

Өз кезегінде Шариф Саид Елшіге ризашылығын білдіріп, өз елінің болашақтың энергиясы саласындағы жетістіктерін ЭКСПО-2017 көрмесінің қонақтарына таныстыру мақсатында тәжік тарапы барлық күш-жігерін салатынын атап өтті. Шариф Саид жақын уақытта Астана қаласына ЭКСПО-2017 Комиссары Р.С.Жошыбаевпен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басшылығымен тәжірибелік-ұйымдастырушылық мәселелерді талқылау және нақты жұмысқа кірісу мақсатында сапармен баратынын хабарлады.

Сонымен қатар, кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастар мәселелері қарастырылды. Осы орайда, 20 қазанда Душанбе қаласында өтетін "Қазақстан-Тәжікстан" бизнес-форумының маңыздылығын атап өтті.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +26
Ақтау +25
Ақтөбе +29
Атырау +24
Б
Балқаш +31
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +35
Қызылорда +22
П
Павлодар +28
Петропавл +23
С
Семей +24
Т
Талдықорған +29
Тараз +34
Түркістан +28
О
Орал +22
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер