19 қазан 2016 | 12:07

Қазақстанда зардап шеккендерге өтемақы төлеу қоры құрылады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Парламент Мәжілісінің депутаттары қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ұсынған  "Зардап шегушілерге өтемақы төлеу қоры туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Парламент Мәжілісінің депутаттары қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ұсынған  "Зардап шегушілерге өтемақы төлеу қоры туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң жобасы қылмыстық құқықбұзушылықтан зардап шеккендердің бөлек категориясына өтемақы төлеудің құықықтық негіздерін анықтайды.

"Құқық қорғау органдары сәйкес шаралар жүргізіп жатқан уақытта зардап шегушіге минималды демеу болатын өтемақы көлемі анықталып жатыр. Аталған өтемақы кейін кінәлі тұлғадан прокуратура органдары арқылы өнідіріледі", - деді министр.

Заң жобасына сәйкес, зардап шегушіге келтірілген зиянды айыпты тұлғаның ары қарайғы өтемақы төлеуі сот тәртібі бойынша жүргізіледі, сонымен қатар іс жүзіндегі тәртіп те өзгермейді. Өтемақы төлеумен Зардап шегушілерге өтемақы төлеу қоры айналысады. Оны құру іс жүзіндегі Қылмыстық-процесуалды кодекспен қарастырылған. Қор жұмысының механизмі қазынадағы бақылау есебі арқылы іске асырылады. Қордың заңды тұлғасы, басқару органы да, әкімшілік шығындары да болмайды. Төлемдермен қаржы мекемесі қолданыстағы жүйе арқылы жүргізеді.

"Қорға 4 жерден қаржы құйылады: сот салған тіркелген төлемдер; процессуалдық міндеттерді орындамауға салынған төлемдер; тұзеу жұмыстары бойынша түсетін қаржы; айыпты тұлғадан өтемақыны регрессивті түрде қайтару", - деді ведомство басшысы.

Зардап шегушілердің үш категорясы анықталды: кәмелетке толмағандар, сексуалды сипаттағы қылмыстан зардап шеккендер, адам саудасы және 8 бап бойынша адамды қинаудан зәбір көргендер. Екінші категория - денсаулығына ауыр зиян келгендер немесе АИТБ/ЖИТС жұқтырғандар, 19 бап бойынша. Үшіншісі - қылмыстан көз жұмғандардың мұрагерлері, 35 бап бойынша. Өтемақы көлемі заң жобасында анықталған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer