19 қазан 2016 | 13:50

Астанада тұрғын үйлер мен құрылыс нысандарының саны артып келеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана қаласы Статистика департаментінің ресми мәліметтеріне сәйкес, елордада тұрғын үй құрылысының қарқыны артып, құрылыс нысандарының саны ұлғайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астана қаласы Статистика департаментінің ресми мәліметтеріне сәйкес, елордада тұрғын үй құрылысының қарқыны артып, құрылыс нысандарының саны ұлғайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 99 081,4 миллион теңгені құрады, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштің 101,1 пайызды құрайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі - 18,3 пайыз.

Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 14 903 пәтерге арналған тұрғын үйлер пайдалануға берілді, тапсырылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1 644 497 шаршы метрді құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-қыркүйектегі көрсеткіштен 29 пайызға көп. 

Жеке салушылар жалпы ауданы 124 791 шаршы метр тұрғын үй салған. Бұл 2015 жылғы қаңтар-қыркүйектегі көрсеткіштен 3,8 есе көп. Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жалпы көлемінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 7,6 пайызды құрады, 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2,6 пайыз болған.

Елордада 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрін салудың орташа нақты шығыны 128,9 мың теңгені, оның ішінде жеке салушылардың тұрғызылғаны 105,2 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ, нысандардың құрылысында да өсім байқалып отыр. 

Ведомствоның мәліметінше, 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте Астана қаласының кәсіпорындары мен ұйымдары 399 775,5 миллион теңге сомасына құрылыс жұмыстарын орындады. Орындалған құрылыс жұмыстары көлемінің ең жоғары үлестік салмағы 54,6 пайызы жеке меншік мердігерлік ұйымдарға, 45,3 пайызы шетелдік мердігерлік ұйымдарға тиесілі, мемлекеттік мердігерлер жалпы көлемнің 0,1% пайызын орындады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer