19 қазан 2016 | 16:56

2016 жылдың соңына дейін жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшін 480 ауылда іздеу-барлау жұмыстары аяқталады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек елді мекендерді сумен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған Үкімет отырысында айтты. Оның айтуынша, 2016 жылы 480 ауыл мен 35 кен орны үшін жұмыстар аяқталады, бұл мақсатқа бюджеттен  6,5 миллиард теңге бөлінді. Жұмыстар аяқталғаннан кейін жергілікті атқарушы органдар министрлікке жерасты суларының қорларын бекіту үшін есеп береді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек елді мекендерді сумен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған Үкімет отырысында айтты. Оның айтуынша, 2016 жылы 480 ауыл мен 35 кен орны үшін жұмыстар аяқталады, бұл мақсатқа бюджеттен  6,5 миллиард теңге бөлінді. Жұмыстар аяқталғаннан кейін жергілікті атқарушы органдар министрлікке жерасты суларының қорларын бекіту үшін есеп береді.

Іздеу-барлау жұмыстары елді мекендерді жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Бекітілген жерасты су қорлары елді мекендердің сумен жабдықтау жүйесін салу үшін негіз болады.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі 2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту бағдарламасының  іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу бөлігінде 2015 жылға дейін қосалқы орындаушы болған.

2002-2010 жылдарға арналған "Таза су" бағдарламасы аясында іздеу-барлау жұмыстары 576 ауылға жүргізіліп, тәулігіне 0,12 миллион метр куб көлемінде қор бекітілген болатын.

2012-2015  жылдары 1301 ауылға іздеу-барлау жұмыстары жүргізіліп, алғаш рет 0,6 миллион метр куб қор бекітіліп, мемлекеттік балансқа қойылды және 105 кен орнының пайдалану мерзімі өтіп кетуіне байланысты қорлары тәулігіне 2,7 миллион метр куб көлемде қайта бекітілді. Бөлінген 25,1 миллиард теңге толық көлемде игерілді.

Іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу кезінде 1877 елді мекен жерасты су қорларымен қамтамасыз етілді, 105 кен орнының қорлары қайта бекітілді. Жаңа жобалар бойынша 2017 жылы аяқталатын 12 кен орны және 330 ауыл үшін жұмыстар басталды.

Іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу функциясы 2015 жылдан бастап облыс әкімдіктеріне берілді, ал министрлікке осы жұмыстарды облыстарға арнаулы ағымдық трансферттер бойынша қаржыландыру бекітілген. Келесі жылдан бастап осы жұмыстарды жүргізуге арналған қаражат жалпы трансферт ретінде тікелей жергілікті атқарушы органдарға бағытталатын болады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer