20 қазан 2016 | 20:55

Жазушы Әміржан Әлпейісов Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай кітабын Елбасына сыйға тартты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© presidentlibrary.kz © presidentlibrary.kz

Өткен ғасырдың 60-80 жылдарында қазақ жастарын бір мүдде тоғыстырды: азаттықтың ақ таңын жақындату, ұлттық рухты асқақтату. Қайсарлығымен және ұлтжандылығымен тарихта қалған қаракөз қыздар мен жігіттердің ерлігі жайлы Әміржан Әлпейісов қалам тербеді. 2015 жылы жарыққа шыққан кітап "Жас тұлпар" дүбірі", "Азаттық аңсаған Сарыарқа", "Қашқын суыр" повестерін топтастырған. Жазушы жеке қолтаңбасы бар тарихи жинақты Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Елбасына сыйға тартты. "Өзіңіздің "Мәңгілік ел" идеяңыз қазақ ұлтының абыройын асқақтатып, мемлекетіміздің тұғырын биіктете берсін" деп жазады автор. Бұл туралы Елбасының кітапханасының сайтында жария болды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Өткен ғасырдың 60-80 жылдарында қазақ жастарын бір мүдде тоғыстырды: азаттықтың ақ таңын жақындату, ұлттық рухты асқақтату. Қайсарлығымен және ұлтжандылығымен тарихта қалған қаракөз қыздар мен жігіттердің ерлігі жайлы Әміржан Әлпейісов қалам тербеді. 2015 жылы жарыққа шыққан кітап "Жас тұлпар" дүбірі", "Азаттық аңсаған Сарыарқа", "Қашқын суыр" повестерін топтастырған. Жазушы жеке қолтаңбасы бар тарихи жинақты Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Елбасына сыйға тартты. "Өзіңіздің "Мәңгілік ел" идеяңыз қазақ ұлтының абыройын асқақтатып, мемлекетіміздің тұғырын биіктете берсін" деп жазады автор. Бұл туралы Елбасының кітапханасының сайтында жария болды.

Тарихшы төлтуындысында ертеңіне алаңдап, тәуелсіздікті аңсаған жалынды жастардың тағдыры туралы тың деректер мен дәйектерді, мұрағат құжаттарын ұсынады.

"Жас тұлпар" дүбірі" повесі осыдан 53 жыл бұрын Мәскеуде оқыған қаракөз студенттердің басын қосқан қозғалыс жайлы сыр шертеді. Ұлт мұратын ту еткен 1 мыңнан астам қазақ жастары жұдырықтай жұмылған. Олардың арасында Мұрат Әуезов, Марат Сембин, Ғаділбек Шалахметов, Мырзатай Жолдасбеков, Тимур Сулейменов, Ерсайын Тәпенов, Гүлжан Бейбітова және шығарма авторы Әміржан Әлпейісов те болды. Белсенділер Ресейдің әртүрлі қалаларында ұйымның бөлімшелерін ашып, ұлттық құндылықтарды жаңғырту жолында үш бағытта тынбай тер төкті.

"Бірінші бағыт, Қазақстаннан тыс жерде оқитын қазақ жастарына көмек көрсету. Ұйымшылдық, бауырмашылдық және қолқабыс мәселелері. Екіншісі, қысқы-жазғы демалыс кездерінде қазақ ауылдарын аралап, елмен танысу, бұқара халықпен тікелей байланыс орнату. Үшінші бағыт - бұл ұлт мәселесі. Кітапханалардағы ұлттық мәселеге байланысты кітаптарды зерделеу. Ұлттың өткені мен болашағы жөніндегі кең көлемді пікір алысулар. Жалпы бағдарлама үш бағытта ғана болғанымен, олар алдарына үлкен көп салалы, жан-жақты мақсаттар қоя алды. Ең басты тарихымызды түгендеуге, рухани болмысымызды бүтіндеуге жол іздеді", - деп еске алады өткенді жазушы.

Олардың үш түсті және тұлпардың суреті салынған жалауы желбіреді. Осылайша жастұлпарлықтар қара түнектен шығып, қызылды аттап, көкке жетіміз деген армандарын жеткізген. Тәу ететін тәуелсіздікке ұмтылған студенттер қазақ жастарының санасын серпілтті. Оның дүбірі еліміздің әртүрлі өңірлерінде "Жас қазақ", "Жас түлек", "Тың тұлпар", "Ұшқын" іспетті ұйымдардың қалануына түрткі болады.

"Азаттық аңсаған Сарыарқа" туындысы 1972 жылы қазанында Алматы қаласы студенттерінің астыртын құпия ұйымы қалай құрылғаны туралы бір үздік сырды жайып салады.

Ал "Қашқын суыр" шығармасы Желтоқсан көтерілісінен кейінгі қазақ жастарының қилы тағдырын сипаттайды.

Ұлтының мұның мұңдаған қазақ белсенділерін арқау еткен кітаптың 2 мың данасы жарық көрді. Олардың бірін Елбасы кітапханасынан оқуға болады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer