25 қазан 2016 | 10:58

Экономика мен саясат саласындағы әлемдік сарапшылар Астанаға қарашада келеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© kz.presidentfoundation.kz © kz.presidentfoundation.kz

Экономика мен саясат саласындағы әлемдік сарапшылар Астанаға қарашада келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Экономика мен саясат саласындағы әлемдік сарапшылар Астанаға қарашада келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға әлемнің 20 елінен келетін 50-ден астам жетекші сарапшылар,  саяси және қоғамдық қайраткерлер қатысады деп жоспарлануда (Австрия, Ауғанстан, Бельгия, Ұлы Британия, Германия, Индия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Корея Республикасы, Ресей, Сингапур, АҚШ, Тәжікстан, Түркия, Франция, Швейцария, Жапония).

Астана клубы отырысының шеңберінде әлемдік саясат пен экономикаға әсер ететін ең маңызды проблемаларды шешу жолын іздестіру бойынша дискуссиялық алаңдардың жұмысын ұйымдастыру жоспарланған.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының халықаралық экономика және саясат институты Еуразияның басты ойыншыларының негізгі бағыттары мен даму трендін, ұстанымы мен мүдделерін қамтып көрсететін талдамалық баяндама әзірленеді.

Сонымен қатар, отырыс барысында Қазақстанның мемлекеттік билік органдарының өкілдерімен және іскерлік топтарымен кездесулер өткізіледі.

Талқылау Chatham House форматында өтеді. Жұмыс ағылшын, орыс, қытай тілдерінде жүргізіледі.

Астана клубы - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының жетекші зерттеу институттарымен - Қытай қазіргі заманғы халықаралық қатынастар академиясы, Германия сыртқы саясат кеңесі, Ресей халықаралық істер кеңесі және Карнеги халықаралық бейбітшілік қорымен әріптестік ретінде құрған  халықаралық дискуссия алаңы болып табылады.

Астана клубының бірінші отырысы 2015 жылғы қарашада әлемнің 15 елінен келген 47 сарапшының қатысуымен өткізілді, онда Еуразияның геоэкономикасының негізгі аспектілері, жаһандық және өңірлік ойыншылардың мүдделері, экономикалық сын-тегеуріндері мен мүмкіндіктері талқыланды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 525.1  course up  547.74  course up  4.84  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer