26 қазан 2016 | 17:53

Бұл ұрпақты ата-ана болуға ешкім үйреткен жоқ - Аружан Сайын қатыгез ананың видеосы жайлы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Аружан Сайын. © Facebook.com желісіндегі суреті Аружан Сайын. © Facebook.com желісіндегі суреті

Аружан Сайын әр баланың қандай жағдай болса да, өзінің биологиялық ата-анасымен қалғаны дұрыс деген пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Павлодарда бір әйелдің видеоға түсіре отырып, баласын ұрып-соққан жағдайына қатысты пікірін білдірді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Аружан Сайын әр баланың қандай жағдай болса да, өзінің биологиялық ата-анасымен қалғаны дұрыс деген пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Павлодарда бір әйелдің видеоға түсіре отырып, баласын ұрып-соққан жағдайына қатысты пікірін білдірді.

Аружан Сайынның айтуынша, барлығын қатарынан ата-ана құқығынан айыра бермеу керек - әр жағдайда мәселеге тиянақтылықпен қарап, проблеманың негізін табу керек. Ол ата-аналармен жұмыс жүргізіп, қандай жағдай болса да, баланы балалар үйіне бермеудің алдын алу керек деген пікір айтып отыр.  

"Видеоны соңына дейін көре алмадым. Анасының бұл әрекетке не себепті барғанын қазір мен айта алмаймын. Қазір әкесінің де, анасының ата-ана құқығы болса, баланы өз уақытында әкесінің отбасына беру керек. Оның үстіне, үлкен өгей қызын күйеуінің отбасы асырап алуға дайын. Ал баланы балалар үйіне беру туралы шешім өте қатаң деп ойлаймын. Қандай жағдай болса да, баланы өз отбасында қалдыру керек, не әкесінде, не анасында - бұл олардың проблемасын шешуге ықпал етеді", - деді Сайын. 

Ол бұл жағдайда әкесінің сотқа беріп, қызын өз қолына алу үшін бар мүмкіндігін жасау керек деген көзқарас айтты. "Балалар үйі - баланы беретін жер емес. Мұндай кішкентай қызды балалар үйіне беруге болмайды. Оны әкесінің отбасына неліктен бермегенін біз білмейміз де, түсінбейміз де", - деді Сайын. 

Аружан Сайын қыздың анасының белгілі бір ауыр психологиялық күйзеліс жағдайында болуы мүмкін екенін айтты. "Бізде, өкінішке қарай, қазір ата-ана болып жатқан ұрпақ қауіпті. Бұл осы отбасының ғана проблемасы емес. Балаларға деген мұндай әрекеттердің Қазақстанда көптеп кездесіп жатқанын білеміз. Қоқысқа тастайды, тағы сол сияқты. Адамдар ата-ана міндетін атқара алмайды. Бірақ бұл адам мұндай жағдайда қателікке жол бермеуі тиіс деген сөз емес. Егер бала әкесінің үйінде бола тұрып, шешесі өз қатесін түсінсе, оны ата-ана құқығынан айырудың қажеті жоқ. Мен аяусыз әрекетті ақтап алғым келмейді. Меніңше, бала бұл жағдайда отбасыда болғаны жөн. Әкесі де сондай ата-ана. Атасы мен әжесі де сондай. Олардың видеоны Интернетке жүктеуі баланы қорғағысы келетінін көрсетіп отыр", - деді Сайын. 

Айта кетейік, Павлодарда қызын сабаған әйелдің тағы бір сұмдық видеосы жарияланды. Видеода анасы үш жасар қызын аяусыз ұрып-соғады. Ал оның үлкен қызының анасын тоқтатпақшы болып, "Оған тиме!" деп қайталағаны естіледі. 

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады және психикасы нашар адамдарға көруге болмайды.

Осыған дейін үш жасар қыздың Павлодардағы балалар үйіне берілгені хабарланған еді. Аймақтық білім басқармасының мәліметінше, Айлин Қасымова қаладағы балалар үйіне орналастырылған, ал 8 жастағы әпкесі Айғаным әжесі мен атасының қолына берілген.

Білім басқармасындағылардың айтуынша, қыздың әкесі видеодан әйелін таныған. 25 қазанда ер адам Павлодардағы ІІБ орталық полиция бөліміне арыз жазған. Арызында ол бұрынғы әйелі Нұргүл Докуоваға қатысты шара қолдануды сұраған. Ер адам бұрынғы әйелінің балаларды ұрып-соғу жағдайы көп болатынын айтқан.

Нақтыланбаған мәлімет бойынша, әйелдің бұрынғы күйеуі баланы өз қолына алғысы келеді екен. Қоса кетейік, баласын аяусыз ұрып-соққан әйел Павлодар мұнайхимия зауытында оператор болып жұмыс істейді.

Өз баласын ұрып-соғып, видеоға түсірген қатыгез анаға қатысты іс қозғалғаны белгілі. Бүлдіршінді анасының аяусыз ұрып-соғуы туралы видео Instagram әлеуметтік желісінде жария болған еді. Кадрлардан әйелдің бүлдіршінді видеоға түсіре отырып, бетінен, басынан ұрғанын көруге болады. Кейін тамағынан қысып, жылап жатқан баланың үнін өшіргісі келеді. Әйел мұнысымен де тоқтамай, бүлдіршінді ұрғылай береді. Кадр сыртында "Ана, тоқтат!" деген тағы бір қыздың даусы естіледі. Қыз шешесін тоқтатпақ боалды, бірақ анасы оның сөзіне құлақ аспайды.  

Кейін Павлодарда қызды ұрып-соққан видеоны таратушы оқиғаның мән-жайын айтып берген еді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 525.1  course up  547.74  course up  4.84  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer