26 қазан 2016 | 14:08

ҚР пенитенциарлық жүйесінің 300-ден астам қызметкері пробация туралы заңның қабылдану аясында оқудан өтеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© zko.sud.kz © zko.sud.kz

"Қазақстандағы қылмыстық әділеттілікті жетілдіру" еуропалық одақ жобасының қолдауымен республиканың пенитенциарлық жүйесінің 300-ден астам қызметкері "Пробация туралы" ҚР Заңының қабылдануы тұрғысында оқудан өтуде, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстандағы қылмыстық әділеттілікті жетілдіру" еуропалық одақ жобасының қолдауымен республиканың пенитенциарлық жүйесінің 300-ден астам қызметкері "Пробация туралы" ҚР Заңының қабылдануы тұрғысында оқудан өтуде, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, пробация және сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы қызметтерінің қызметкерлеріне арналған алғашқы екі күндік оқу семинары 25 қазанда Өскемен қаласында басталған.

Мұндай семинарлар сот, прокуратура органдарының және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен, сондай-ақ халықаралық сарапшылардың тартылуымен республиканың төрт өңірінде: Өскемен, Алматы, Ақтау және Қарағанды қалаларында өтеді деп атап өтілуде.

"ҚАЖ қызметкерлері пробация қызметін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және есепте тұрған азаматтарды оңалтудың кешенді стратегиясын дамытудың негізгі бағыттарын, сондай-ақ пенитенциарлық жүйе саласындағы халықаралық сарапшылардың ұсынымдарын зерттейді",  -  делінген хабарламада.

Одан басқа, ҚАЖ комитеті дайындаған пробация және тәрбие жұмысы қызметтері саласы бойынша әдістемелік ұсынымдар оларды қызметтік жұмыста одан әрі практикалық қолдану үшін таныстырылады.

Еске сала кетейік, Ішкі істер министрлігі "Пробация туралы" және "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларын Ұлт жоспарының 33-қадамын орындау шеңберінде әзірлеген болатын. Заң жобаларының мақсаты - қылмыстық саясатты одан әрі ізгілендіру, оны әлемдік стандарттарға, соның ішінде кінәлі адамдарға қайта әлеуметтендіру әсерін арттыру арқылы жақындату.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 525.1  course up  547.74  course up  4.84  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer