28 қазан 2016 | 13:04

Қоғамдық комиссия елорданың проблемалық нысандарын аралады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қоғамдық кеңестің әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясының мүшелері елорданың проблемалық нысандары - құрылыс жүргізушілер бірнеше жыл бұрын тапсыруға тиіс салынып бітпеген тұрғын үйлерде болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астананың ресми сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қоғамдық кеңестің әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясының мүшелері елорданың проблемалық нысандары - құрылыс жүргізушілер бірнеше жыл бұрын тапсыруға тиіс салынып бітпеген тұрғын үйлерде болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астананың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Үлескерлерден қаржы алып, құрылысты тоқтатып қойған бұрынғы бас мердігерлерге қатысты қылмыстық істер қозғалды. Проблемалық үйлердің алдағы тағдыры - сот шешіміне ғана байланысты.

"Біз 2 миллиард теңгеден астам қаржы құйдық, үйдің 1/3 бөлігі ғана салынған. Бас мердігер телефонға жауап бермейді", - дейді үйлердің бірінің үлескері Жанна Уватаева.

436 пәтерден тұратын басқа нысан 2013 жылы пайдалануға тапсырылуы тиіс еді. Құрылысты аяқтау міндеті жүктелген қазіргі тапсырыс беруші оны өз қаржысына салып жатыр, бірақ қаражат жеткіліксіз.

"Бізге ең бастысы - активтерді ашу. Бухгалтерлердің есептеуінше, сол активтер бізге барлық құрылыс жұмыстарын аяқтауға жетеді", - дейді тапсырыс беруші компания директорының орынбасары Қайрат Әділбаев.

Компания өкілі комиссия мүшелерін құрылысты келесі жылы аяқтайтынына сендірді.

"Біз қоғамдық кеңес ретінде ұсыныстар айтамыз. Үлескерлермен кездесіп, барлық мәселелерді талқылаймыз. Үлескерлердің айтқандарын тыңдап, ұсыныстар әзірлей бастаймыз. Ол ұсыныстарды әкімдікке жібереміз. Егер қажет болса, жоғары тұрған органға да шығамыз", - деп атап көрсетті Астана қаласы қоғамдық кеңесінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясының төрағасы Мұхтар Еркетаев.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 525.1  course up  547.74  course up  4.84  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer