28 қазан 2016 | 14:51

Тасмағамбетов Универсиада-2017 нысандарының әзірлігін бағалады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иманғали Тасмағамбетов пен Бауыржан Байбек. © ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі Иманғали Тасмағамбетов пен Бауыржан Байбек. © ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Иманғали Тасмағамбетов алдағы Халықаралық студенттік сайыстардың өткізілуіне Алматы қаласы мен Алматы облысындағы нысандардың әзірлігін тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Иманғали Тасмағамбетов алдағы Халықаралық студенттік сайыстардың өткізілуіне Алматы қаласы мен Алматы облысындағы нысандардың әзірлігін тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін вице-премьер Универсиаданың спорттық нысандары мен инфрақұрылым нысандарын қарап шықты, функционалдық бағыттардың жұмысымен егжей-тегжейлі танысты.

Көшпелі кеңесбарысында Иманғали Тасмағамбетов Алматыдағы Медеу ауданында орналасқан 3 мың орындық "Халық Арена" спорт кешеніне, Универсиада өтетін Атлетикалық қалашыққа, "Алматы Арена" мұз айдыны сарайына, "Сұңқар" ХШТК, "Медеу" мұз айдынына және "Шымбұлақ" тау шаңғы курортына барды.Сонымен қатар, "Табаған" спорт-сауықтыру кешені мен "Алатау" шаңғы биатлон кешенінің жаңғыртылуы және дайындық барысымен танысты.

Алда өтетін Универсиада объектілерінің әзірлігі туралы айта келе, вице-премьер спорттық сайыстарға объектілердің дайындық қарқынына көңілі толатындығын білдірді және бірқатар нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, Иманғали Тасмағамбетов мұндай ауқымды іс-шараның өткізілуі сайысты ұйымдастыру және барлық мүдделі құрылымдар мен ведомстволардың жұмысы тұрғысында егжей-тегжейлі қарауды қажет ететінін атады.

ИманғалиТасмағамбетовіс-шараны өткізу және сайыс қатысушыларын қабылдау аясында қала инфрақұрылымының әзірлігін қамтамасыз ету қажеттігіне, сондай-ақ, Универсиада қонақтарының қауіпсіз және жайлы орналасуын қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасау қажеттігіне баса назар аударды. Бұл ретте ол көлік-логистикалық жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету өте маңызды екенін көрсетті.

"Универсиаданың басталуына аз ғанауақыт қалды. Барлық кезеңдегі жұмыс жоғары деңгейде жүріп жатыр. Инфрақұрылым, қатысушыларды және қонақтарды қабылдауға байланысты ұйымдастыру мәселелеріне баса назар аудару қажет. Сонымен қатар, қауіпсіздік, энергетикалық жеткіліктілік пен көлік жүктемесін қоса есептегенде, халықаралық іс-шараның кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге қалалық қызметтердің толық әзірболуы өте маңызды. Ең бастысы, Алматыға ағылатын қонақтардың көптігін және спортшылардың, жаттықтырушылар штабы мен тілшілердің сайыс өтетін орынға және қонақжайларға барып-келуін есепке алғанда, бұл азаматтар үшін қолайсыздық туғызбауы тиіс", - деп атап өтті Иманғали Тасмағамбетов.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 525.1  course up  547.74  course up  4.84  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer