01 қараша 2016 | 12:03

Сапарбаев республикалық маңызы бар жолдардың қысқы маусымға дайындығын тексерді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ақтөбе облыс әкімінің баспасөз қызметі Ақтөбе облыс әкімінің баспасөз қызметі

Ақтөбе облыс әкімі Бердібек Сапарбаев республикалық маңызы бар жолдардың қысқы маусымға дайындығын тексерді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облыс әкімі Бердібек Сапарбаев республикалық маңызы бар жолдардың қысқы маусымға дайындығын тексерді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылындағы "Маяк" кемпингінің автотұрағына барып, осы жердегі қар тазалайтын техникалардың мүмкіндігін қарап шықты.

Жалпы облыс бойынша республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы - 1893 шақырымға жуық. Жолдарды қысқы күтiп ұстау учаскесінің 1877-ге жуық шақырымы "ҚазАвтоЖол" ЖШС-не, 16 шақырымы "Ивета және СО" кәсіпорындарына берілген.

"ҚазАвтоЖол" мекемесінде қар тазалайтын техникалар саны - 76. Оның ішінде 15-автогрейдер, 20-трактор, 3- бульдозер, 5-жүк тиегіш көлік, аралас жолдарға арналған техника - 18. Ал "Ивета және Со" ЖШС-нің техникалар саны - 10 дана. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мемлекет есебінен 3 миллиард теңге бөлінген. Осы қаражат есебінен Ақтөбе облысы бойынша кәсіпорынға 15 техника сатып алынады.

"Біз ауа райының қандай кезеңіне де дайын болуымыз қажет. Ол үшін қажетті техникалар бар. Қажет болса, қосымша тағы да сатып алынатын болады. Сіздер тек жұмысқа жоғары жауапкершілікпен қарап, жоғары деңгейде ұйымдастыруларыңыз керек. Атап айтсақ қар тоқтататын қалқандардың жұмысы жылдам аяқталып, салынып жатқан автоұрақтар мен алаңдар да тез арада қолданысқа берілуі керек. Қыс кезінде жолдағы тұрып қалған көліктерді сол алаңдарға жеткізу жұмыстару жедел ұйымдастыру маңызды", - деді Бердібек Сапарбаев.

Қазіргі таңда жауапты кәсіпорындар тұз, құм, көмір т.б инертті материалдарды сатып алған. Сонымен қатар, жол бойында жолдың жағдайы жөніндегі уақытша белгілері орнатылып, қарды ұстап қалатын қалқандар салынып жатыр.

"Биыл жергілікті әкімдікпен бірлесіп ауа райының келеңсіз жағдайын ескере отырып автокөліктер үшін тұрақ пен алаңдар салу үшін жер учаскесі қарастырылды. "Самара-Шымкент" тас жолының Ресей Федерациясымен шектес аумағында автокөліктерге арналған 3 тұрақ құрлысы аяқталу үстінде", -деді "КазАвтоЖол" ЖШС директоры Бағлан Баймағамбетов.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.47  course up  545.71  course up  4.93  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer