01 қараша 2016 | 13:15

Гаджеттерді ұйқы алдында пайдаланудың қандай зияны бар екені белгілі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© LiveInternet © LiveInternet

Ұйықтар алдында смартфон мен планшеттер пайдаланатын балалар жатар алдында гаджеттерді қолданбайтындарға қарағанда ұйықының бұзылуынан екі есе артық зиян көреді екен. Бұл жайтты Лондонның Королдік колледжіндегі зерттеушілер анықтады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ұйықтар алдында смартфон мен планшеттер пайдаланатын балалар жатар алдында гаджеттерді қолданбайтындарға қарағанда ұйықының бұзылуынан екі есе артық зиян көреді екен. Бұл жайтты Лондонның Королдік колледжіндегі зерттеушілер анықтады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Ғалымдар 6-19 жас аралығығындағы 125 мың бала қатысқан 20 зерттеудің қоырытындысына сараптама жүргізген. Сараптама қорытындысы смартфондар мен өзге де құрылғыларды жатар алдында қолдану ұйқының қанбауы мен күндізгі уақытта маужырап отыруға тікелей қатысты екенін көрсеткен. Тіпті гаджеттердің бөлмеде болуы жақсы ұйқыға бөгет болады екен. Бұл балалардың үнемі жауап беруге дайын отырып, хабарлама келуін күтуіне байланысты. 

Ұйқының қанбауы балардың денсаулығына кері әсер етеді, тәбетті жойып, артық салмақ жинауға әкеледі. Тіптен иммун жүйесінің әлсіреп, бойдың өсуін тежейді, сонымен бірге психологиялық ауыртпалықтарға әкеледі. 

Зерттеушілердің айтуынша, гаджеттердің күн өткен сайын көптеп таралуы балалар ұйқысының мүлде бұзылуына жеткізеді. Бұл мәселені балалардың смартфонға қолжетімділігін шектеп, ұйқыға дұрыс жату тәртібін сақтау арқылы шешуге болады екен.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.47  course up  545.71  course up  4.93  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer