01 қараша 2016 | 14:24

Назарбаев қаржы министрін қабылдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Ақорда © Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Бақыт Сұлтанов Қазақстан Президентіне Қаржы министрлігінің биылғы 9 айда атқарған жұмысының қорытындысы, республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуы, сондай-ақ Мемлекет басшысының төрағалығымен 2016 жылғы 9 қыркүйекте өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың іске асырылуы туралы баяндады.

Елбасы бюджет үдерістерінің тиімділігін одан әрі арттыруға, бюджетті қалыптастыру барысында экономиканың өсіміне ықпал ететін мемлекеттік бағдарламаларға негізделген ұтымды тәсілдердің қолданылуына баса назар аударды.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті жекешелендірудің екінші кезеңін іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажеттігіне айрықша тоқталды.

"Мемлекеттік нысандарды отандық және шетелдік инвесторлардың меншігіне беру ісінің мейлінше жариялылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы мүлікті заңдастыру жөніндегі науқанның соңғы кезеңіне қатысты міндеттер қойды. Мәселен, Қазақстан Президенті бұл науқанды жүргізу барысында қалыптастырылған жариялылық жағдайын атап өтіп, оның ел экономикасы үшін нәтижелілігін айтты.

"Мүлікті заңдастыру салық есебінен бюджетті толықтырып, одан әрі экономикаға пайдасын тигізетін активтерді анықтауға мүмкіндік беретін болады. Бұл - салық жүйесінің басты міндеттерінің бірі", - деді Елбасы.

Қаржы министрі тиімді экономикалық саясат пен "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында заңнамаларға өзгерістер енгізу, салық пен кедендік басқаруды жетілдіру есебінен бюджет кірісінің тұрақтануы және биыл оның 7,4 пайызға өсуі байқалып отырғанын мәлімдеді. Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.47  course up  545.71  course up  4.93  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer