01 қараша 2016 | 16:40

Бозымбаев АИ-92 маркалы жанармайының қымбаттау себептерін түсіндірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© newsdelo.com © newsdelo.com

Энергетика министрлігі  Қазақстанның кейбір өңірлерінде АИ-92 маркалы жанармай бағасының қымбаттауына бірнеше себеп атап өтті, -деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев түсіндірді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Энергетика министрлігі  Қазақстанның кейбір өңірлерінде АИ-92 маркалы жанармай бағасының қымбаттауына бірнеше себеп атап өтті, -деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев түсіндірді.

"АИ-92 маркалы жанармай бағасы сәл қымбаттады. Бұған қатысты үш мәселе бар. Біріншісі, білесіздер, Шымкент мұнай зауыты қазір күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Оны қараша айының 12-ші жұлдызында іске қосу жоспарланып отыр. Бұл күрделі жөндеу қайта жаңғырту аясында жүргізілуде, өйткені зауытта қажетті жаңа құрылғылар іске қосылып жатыр. Зауыт іске қосылған соң АИ-92 маркалы жанармай көбірек шығарылатын болады, бұл оның бағасына өз әсерін тигізеді деп ойлаймын", - деді министр.

Сонымен қатар, ол 20 күн бұрын жанармай шығаратын Павлодардағы мұнай өңдеу зауытында технологиялық бұзушылық орын алғаны туралы да айтты. Қазір зауытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Зауыт екі-үш күннің ішінде іске қосылса, жоғары октанды жанармай қазіргіден төмен, өзінің бағасымен көбірек шығарылып, есесіне нарыққа да көбірек келетін болады. Сонда жанармай нарығындағы баға реттеледі", - деп түсіндірді Қанат Бозымбаев.

Министрдің мәліметінше, қазіргі кезде елімізге импорттық жанармай көптеп келіп жатыр. Ресейде жанармай бағасы Қазақстанға қарағанда қымбаттау болғандықтан, екі елдің жанармай бағасының нарықтағы үлестері құбылмалы болып тұр. Көптеп шығарыла бастаған жағдайда жанармай бағасы 10 күн шамасында қалпына келмек.

"Ал, дизель отынына қатысты айтсақ, оның бағасының төмендеуі байқалады. Атап айтқанда, жазғы дизель отынының бағасы түседі, өйткені қазір оған сұраныс азайып жатыр. Ал қысқы дизель отыны елімізде өндірілмейді, ол Ресейден келеді, сондықтан оның бағаларына ешқандай реттеу жоқ», - деп түйіндеді Қанат Бозымбаев.   

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.47  course up  545.71  course up  4.93  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer