02 қараша 2016 | 16:18

Мәжіліс АЭХА ТБУ банкін құру туралы келісімнің ратификациялануын мақұлдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© DailyNews.kz © DailyNews.kz

ҚР Парламенті Мәжілісі пленарлық отырыс барысында "Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заңының жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламентәнәі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Келісімге сәйкес, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) Қазақстан Республикасында АЭХА-ға тиесілі Төмен байытылған уран банкін (ТБУ банкі) құрады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Парламенті Мәжілісі пленарлық отырыс барысында "Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заңының жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламентәнәі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Келісімге сәйкес, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) Қазақстан Республикасында АЭХА-ға тиесілі Төмен байытылған уран банкін (ТБУ банкі) құрады.

"Байытылған уран халықаралық банкі АЭХА-ға мүше мемлекеттердің атом станцияларына ядролық отынның кепілдікті жеткізілуін қамтамасыз ету үшін құрылады және мүше мемлекеттердің бірінде орналасқан, атом электр станциялары үшін отын дайындауға арналған бастапқы материал болып табылатын уран сақтау қоймасы болып табылады. АЭХА ТБУ банкін құру туралы шешімді 2006 жылы қабылдаған болатын. АЭХА осындай банк құру туралы бастама жасай отырып, оператор елге қойылатын талаптарды тұжырымдады", - деп хабарлады ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Ведомство басшысы атап өткендей, төмен байытылған уран еуропалық стандарттағы цилиндрлерде, контейнерлерде гексофторит түрінде сақталады. Оның айтуы бойынша, уран қоры әлемдік уран нарығында дағдарыс жағдайы туындаған жағдайда ғана талап етілетін жұмсалмайтын қор болып табылады. Іс жүзінде, қалыпты оқиғалар барысында бұл қор ешқашан қажет болмайды.

Келісімге сәйкес, АЭХА төмен байытылған уранды алумен, жеткізумен және күтіп-ұстаумен байланысты шығыстарды; төмен байытылған уранның экспортымен және импортымен байланысты шығыстарды; салықтар, алымдар мен баж төлеу бойынша шығыстарды өзі өтейтінін қоса кетейік.

"Қазақстан Республикасы үшін агенттіктің ТБУ банкін орналастыру жобасын іске асыру ядролық қаруды таратпау режимін нығайтудағы маңызды үлес болып табылады", - деп түйіндеді министр.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.47  course up  545.71  course up  4.93  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer