02 қараша 2016 | 17:54

Балалар семіздігінің басты себебі инфекция болып шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Diabethelp.org © Diabethelp.org

Америкалық зерттеушілер нәрестелік шақта жұқпалы ауруға шалдығу бала кезде артық салмақ жинауға әкелетінін анықтады, - деп жазады Lenta.ru сайты EurekAlert басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Америкалық зерттеушілер нәрестелік шақта жұқпалы ауруға шалдығу бала кезде артық салмақ жинауға әкелетінін анықтады, - деп жазады Lenta.ru сайты EurekAlert басылымына сілтеме жасап.

"Мұның алдындағы еңбектерімізде балаларда артық салмақтың болуы антибиотиктерге байланысты деп айтқанбыз. Алайда, кейінірек дәрілердің мұнымен байланысы жоғын анықтадық. Біз ішек бактерияларының баланың дамуына қатты әсер ететінін білдік, - дейді зерртеудің жетекші авторы Де-Кун Ли.

Ғалымдар 16 жасқа дейінгі 260 мың бала туралы мәліметтерді зерттеу арқылы инфекциялардың ішек микрофлорасының құрылымына үлкен әсер ететіндігіне көз жеткізген. Өз кезегінде бұл зат алмасуды және иммунды жүйені нашарлатып, баланың бойы мен салмағына кері ықпал етеді екен. Өмірінің алғашқы жылында жұқпалы ауруға шалдыққан балалардың кейін келе артық салмақ жинау қаупі 25 пайызға артатын болып шықты.

Статистика бойынша, АҚШ-та балалар мен жасөспірімдердің үштен бірінде артық салмақ бар. Оның үстіне зерттеулер бұл жағдай тек тамақтануға ғана байланысты емес екенін көрсеткен.

Ал қазан айының соңында Монреаль университетіндегі клиникалық ауруханадағы Зерттеу орталығының мамандары емдеуге келмейтін семірудің себебін анықтады. Гипоталамус нейрондарындағы ABHD6 ферментінің жеткілікті түрде белсенді болмауы емдәм мен жаттығуларды пайдасыз етеді екен.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.47  course up  545.71  course up  4.93  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer